Әлем • 10 Мамыр, 2017

Оңтүстік Кореяның жаңа президенті сайланды

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяда өткен президент сайлауынды «Тобуро» Демократиялық партиясының өкілі Мун Чжэ Ин жеңіске жетті. Ұлттық сайлау комитетінің мәліметтеріне сәйкес, ол сайлаушылардың 41,1 % даусын жинаған, деп хабарлайды tass.ru

Оңтүстік Кореяның жаңа президенті сайланды

«Мун Чжэ Ин сайлаушылардың 41,1 % даусын жинап, елдің жаңа президенті болып сайланды, – делінген Корея Республикасы Ұлттық сайлау комитетінің хабарламасында. – Оған 13,4 млн адам дауыс берді. Ал «Корей бостандығы» консервативтер партиясының өкілі Хон Джун Пхе – 24,3 %, солшылдардың «Ұлттық партиясынан» сайлауға түскен Ан Чхоль Су 21,4 % дауыс жинаған». 
Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы президент сайлауы мерзімінен бұрын өткізілді. Наурызда елдің Конституциялық соты бұрынғы президент Пак Кын Хеға жарияланған импичментті растап, оны қызметінен шеттетті. Нәтижесінде сайлау жоспарланған мерзімнен 7 ай бұрын өткізіліп отыр. 
Сайлау науқаны барысында Мун Чжэ Ин істі болып отырған экс-президент Пак Кын Хенің командасын сынаған болатын. Атап айтқанда, ол ескі үкіметті Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына төтеп бере алмады деп айыптады. Дегенмен, жаңа президент екі ел арасында бейбіт байланыс болғанын қалайтынын мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар