Әдебиет • 14 Мамыр, 2017

Түрікмен халқының ұлы ақыны Мақтымқұлыға арналған әдеби кеш өтті

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 мамыр Мақтымқұлы күні Түрікменстанда мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіледі. Осыған орай Алматыдағы Достық үйінде түрікмен халқының ұлы ақыны Мақтымқұлы Пырағыға арналған мерекелік кеш өтті.

Түрікмен халқының ұлы ақыны Мақтымқұлыға арналған әдеби кеш өтті

Жиынға Алматыдағы консул кеңесшісі Батыр Гульджанов және Түрікмен этномәдени орталығының төрайымы Гүлнәр Аннакулиева қатысты. Жиынды Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Түрікмен Республикасының Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырған. Бір айта кетерлігі, Мақтымқұлы күні Қазақстанда Түрікмен этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіледі. 

Дәстүрлі кеште студенттер арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Қатысушыларға Түрікменстан Елшілігінің консулдық бөлімі атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.  Сонымен қатар кеш барысында түрікмен қолданбалы өнерінің көрмесі ұйымдастырылды. 

Естеріңізге сала кетсек, біздің заманымызға Мақтымқұлы Пырағының 16 мың жолдан тұратын өлең-жырлары жеткен. 1842 жылы оның ең алғашқы кітабы басылып шықты. Оны қазақ тіліне ақын Дүйсенбек Қанатбаев аударған.