Қазақстан • 15 Мамыр, 2017

Заман талабына сай бағдарлама

167 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тұтас ел­дің назарын аударған «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты тарихи ма­қа­ласында Қазақстанның мә­дени-гуманитарлық тұр­ғы­да қарышты дамуын қам­та­масыз ету мақсатында қо­­­ғамдық сананы жаңар­ту­дың маңыздылығы ту­ра­лы іл­кімді ойлар қозғалған. Осы­ған бай­ла­нысты мемлекетіміздің ру­ха­ни жаң­ғыруды қалай жүзеге асы­руды жос­пар­лайтындығының өзі жау­ап­кершілігі зор мәселе деуіміз керек. 

Заман талабына сай бағдарлама

Ең алдымен, қоғамдық сананы жаң­ғыртудың өзектілігі туралы айтсақ, ру­ха­ни жаңарусыз экономика және сая­сат салаларын қамтыған жаңғырту үде­рістері толық сипатта бола алмас еді. Бұған қоса, Қазақстан қоғамының сапалық жаңаруы жаhандық деңгейдегі әлеуметтік үдерістер тұрғысынан қара­ған­да өзектілікке ие болып отыр. Атап айт­қанда, тарихи оқиғалар қарқыны бү­гінде әлеуметтік уақыттың үдеуі де­ген құбылыстың пайда болуына әке­луде. Адамзаттың технологиялық мүм­кiн­дiк­терiнің дамуы да қоғамдық қа­ты­настар саласында бірқатар жағымсыз сал­дарлар туындатуда.
Қалыптасып отырған жағдайда, Елбасы атап көрсеткендей, заманы­мыз­ға сәйкес, өз сана-сезіміміз бен дү­ние­танымымызды жаңартпай, көш ба­сын­дағы елдермен тереземізді тең ұстау мүм­кін емес. Бұл ретте, Президент ма­қаласында айтылған пікірлер бетпе-бет келіп отырған сындардан еліміздің сү­рін­бей өтуінің басты алғышарты болып та­былады.
Жалпы алғанда, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы идеялар адам капиталына бағытталған инвестицияларды арттыруды көздейді. Азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығы туралы соңғы уақытта көп айтылуда. Шыны­мен де, өріс алып отырған цифрлық эко­­номика мен постмодерн дәуірінде мем­лекеттердің бәсекеге қабілеттілігі ин­фра­құрылымның дамуы немесе ал­пау­ыт өндiрiстік қуатпен емес, жоғары дең­гейдегі адами капитал мен қоғамдық инс­титуттардың тұрақтылығымен анық­та­лады. Сәйкесінше, Қазақстанның ру­ха­ни жаңғыруы процесінде басты екпін аза­маттардың бәсекеге қабiлеттiлiгін арт­ты­ру мен олардың бойында праг­ма­тизм, бі­лімге деген құштарлық пен сананың ашық­тығына түсіріліп отыр. Елбасы атап көрсеткендей, аза­маттарымыздың бәсекелік ар­тықшылыққа ие болуын ком­пьютерлік сауаттылық, шет тiлдерiн білу мен мәдени ашық­тық қамтамасыз ете ала­ды.
Прагматизмге келсек, мем­ле­кет азаматтарын өз бойында эко­номикалық жауапкершілік пен рационалды қаржылық мі­нез-құлықты дамытуға ш­а­қырып отыр. Сонымен бір­ге, мақалада әлеуметтік табысқа же­ту үшін қазақстандықтардың кә­сіби құз­ы­реттерін арттырудың маңыз­ды­лығы ту­ралы айтылады.
Рухани жаңғыру бойынша Мем­лекет басшысы атап көрсеткен бағыт-бағ­дарлардың арасында сананың ашық­ты­ғы туралы тезис ерекше мәнге ие. Оған сәйкес, қазақстандықтар жаңа­лық­тарға зерек болып, жаһандық үдеріс­те­р-
­ге ілесу арқылы басқа елдердің озық жетістіктерін бойға сіңіруге дай­ын болулары қажет. Себебі, өзгенің тә­жі­ри­бесін зерттеу – табыстың кілті. Олай болмаған жағдайда, мақалада айтыл­ған­дай, бұқаралық сананың «от басы, ошақ қасы» деңгейінде қалып қою қаупі бар.
Айтылған пікір қоғамда кең тал­қы­ланып отырған ағылшын тілін үй­ре­нудің қажеттілігіне де қатысты. Әлем­де­гі негізгі халықаралық қатынас тілін біл­мей, жаңа технология мен ғылымның же­тістіктерін пайдалану мүмкін емес.
Әрине, Елбасы мақаласының аясында жүзеге асырылғалы отырған ең ауқымды жобалардың бiрi – қазақ тiлiнің латын әліпбиіне көшуі. Бұл мәсе­ленің ерекше маңызды екендігі қо­ғам­дағы қызу талқылаулардан бай­қа­лады. Жалпы, ірі өзгерістер әрқашан адам бойында белгiсiздiк сезiмiн ша­қы­ратыны белгілі. Оған қоса, ұзақ уақыт пайдаланып келген әліпбиді ауыс­тырудың қаншалықты сезімтал мә­селе екенін ескерсек, кей азаматтар ара­сында туындаған алаңдаушылықты тү­сі­нуге болады. Себебі, алфавит тіл­дің гра­фикалық жүйесі ретінде әрбір адам­ның өзін-өзі тануы барысында маңызды рөл атқарады.
Бұл ретте, мемлекет жоспарында кириллицадан бірден бас тарту қарас­тырылмайтынын атап өткен жөн. Жаңа әлі­п­биге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла бер­мек. Яғни, қазақстандық билік қа­ріп ауыстыру процесінің барынша жайлы сипатта өтуін қамтамасыз етуді қа­лай­ды.
Оған қоса, латын әліпбиіне көшу ту­ралы Елбасы алғаш рет 2012 жылы жел­тоқсанда жасаған «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы Жолдауында айтқан бо­латын. Сондықтан, латын әліп­биі­не көшу бойынша дайындық жұмыс­та­ры­ның басталуы Қазақстанның идеологиялық платформасындағы қан­дай да бір түбегейлі өзгерістерден хабар береді деп айта алмаймыз. Соң­ғы айтылған ой қаріп ауыстыру мә­се­лесін сая­силандыруға жол бермеу тұр­ғы­сын­да маңызға ие.
Өз кезегiнде, латын қарпіне көшу қазақ тiлінiң жаңаруына үлкен сер­пін қосады деп күтілуде. Бұл ретте, гума­ни­тарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аудару жобасының қолға алынуын ерекше айту керек. Қазақ тiлiнде сапалы еңбек­тер­дің пайда болуы қазақстандық студенттердің дай­ын­дық деңгейін арттырып қана қоймай, қаз­ақ тіліндегі контенттiң аздығымен бай­ланысты олқылықты толтыруға мүм­кiндiк береді.
Сонымен қатар, латын әліпбиін қол­дану ағылшын тiлiн үйрену пр­о­це­сін жеңілдетіп, Қазақстанның әлем­дiк ақпараттық кеңiстiкке интеграция­ла­нуын жеделдетеді.
Қоғамдық жаңғыру процесіндегі не­гізгі рөл мемлекетке тиесілі бол­ға­ны­мен, рухани жаңғырудың табысты жү­зеге асуы тікелей қоғамның әрбір мү­ше­сіне, яғни сіз бен бізге байланысты. Сон­дықтан Елбасының мақаласында атап көрсетілген мақсаттар мен тап­сыр­маларды дұрыс түсіну және түсін­ді­ру қажет.
Содай-ақ, рухани жаңғыру аясында ұсы­нылып отырған жобаларды жүзеге асы­ру барысында науқаншылдыққа жол бермеу керек. Әйтпесе, мақалада ай­­тылып отырған идеялардың жа­ңа­шыл­дық әлеуеті жоғалып, қоғамның дамуына деген ықпалы төмендейді.
Сайып келгенде, күн тәртібінде ру­хани жаңғыру арқылы ұлттық кодты сақтап қалу мәселесі тұр. Зы­мы­раған уақыт пен қарыштап дамып отыр­ған әлем жағдайында ұлттық мә­дениет пен құндылықтарды, ұлттық бол­мысымызды сақтау елдігімізді ны­ғай­ту­дың ең басты шарты болып та­былады.

Ержан САЛТЫБАЕВ, 
Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры