Дәлірегі, театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рубен Андриасянның БАҚ өкілдерімен болған баспасөз мәслихатында айтқанындай, Шыңғыс Айтматов пен Қалтай Мұхамеджановтың «Көктөбедегі кездесу» екі бөлімді драмасы ел мерейтойына тарту ретінде көрермен назарына ұсынылмақ. «Бұл спектакльді мерекеге не үшін лайық деп есептейсіз?» деген сұраққа режиссер: «Өйткені, мұнда адамның ар-ұжданы туралы терең ой қозғалады. Адамды адам ретінде сақтап қалатын қашанда оның бойындағы осындай қасиеттері деп есептеймін. Бұл бір күндік мәселе емес, ол замандар бойы адамзат баласының ақыл-ойына арқау болып келе жатқан өзекті тақырып. Мұндай намыс пен ардың сөзі шығармашылық иелерін мәңгі толғантып, тебірентіп отыруымен мәнді болып қала береді. Сол себепті де қос қаламгердің өмірі ескірмейтін, әлі талай шымылдықтың шынайы көрінісіне ұйытқы дерлік туындысын ел тойына лайықты тарту ретінде әдейілеп таңдап ұсындық» дейді.
Театр директоры Юрий Якушев елордалық көрермендердің классикалық шығармаларды өте жылы қабылдайтынын айтып, сол үшін де Марк Камолеттидің «Алты адамдық пижама» комедиялық туындысын осы күндері көрермендер назарына ұсынуды жоспарлап келгенін әңгімеледі. Әлем сахналарында ең көп қойылған спектакль ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген шығарманы халыққа мүлтіксіз мәнермен жеткізуге бір кісідей еңбек сіңірген режиссер Владимир Молчановтың да қолтаңбасын елордалық көрермен жақыннан бағалау мүмкіндігіне ие болып отыр. Белгілі театр және кино режиссері Рустам Ибрагимбековтің «Әредік кездесу үшін әріптес іздеймін» екі көріністі трагикомедиясын сахналаған Игорь Гонопольскийдің бұл дүниесін көрермен осыдан жеті жыл бұрын тұшына қабылдағаны, алғашқы қойылымын пьеса авторының өзі келіп тамашалағаны халық жадында. «Аптап шөлдің аппақ күні», «Урга – махаббат мекені», «Сібір шаштаразы», «Көшпенділер» фильмдері арқылы көпшілікке етене таныс сценарийші қазақстандық әріптестерінің жаңалығын естігенде: «Бұл спектакльді Бакуден кейін өз сахнасына көтерген Алматы театры деп қуаныштан жүрегі жарыла жаздапты». Енді, міне, осы үш таңдаулы дүниеге елордалық жұртшылықтың куә болар сәті туып отыр.
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше