Бизнес • 16 Мамыр, 2017

Кәсіпкерлікті көк тиынсыз да бастауға болады...

386 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазіргідей жұмыссыздық пен қымбатшылық бар заманда өмір сүру оңай емес. Мұндай жағдайдан тек жеке кәсібі ғана құтқаратынына көзі жеткендер мемлекет қолдауын пайдаланып, өздерінің жеке жұмыстарын баяғыда-ақ бастап кеткен.

Кәсіпкерлікті көк тиынсыз да бастауға болады...

Ал кәсіпкерлікпен ай­на­лысуға жүрексінгендер күн­делікті тапқан азын-аулақ нә­па­қасын қанағат тұтып, әлі күн­ге әрі-сәрі күй кешіп жүр. Олардың бірқатары мүм­кіндігі бола тұра, өздеріне өз­дері сенбей, жеке жұмысқа кірісіп кете алмай жүрсе, мал-мүлкі мен жиған-тергені жоқ­тар жеке кәсіппен айналысу жө­нінде мүлдем ойламайды да. Өйткені, олар жеке кәсіппен тек жағдайы барлар ғана, яғни қал­талы азаматтар ғана айналыса алады деп ойлайды. Сөйтсек, кәсіпкерлікті қаражатсыз да бастауға болады екен. Бұған біз­дің жақында облыстық кәсіп­кер­лер палатасында өткен семи­нар барысында көзіміз жетті. «Бизнес-кеңесші» жобасы бойын­ша өткізілген семинарға же­ке кә­сіппен айналысқысы ке­летін көп­теген жастар қа­ты­сты. Биз­нес-тренингті тәжі­ри­­белі оқы­тушылар Нұрлан Әб­ді­­ра­хманов пен Зұлфия Халелова жүргізді. 

«Қарапайым халықты кә­сіп­кер­лікке үйрету мақсатында біз мұндай семинарларды 2011 жыл­дан бері өткізіп келеміз. Бұл жолы семинарды облыстық кә­сіп­керлер палатасының тапсырысымен ұйымдастырып отырмыз. Семинарларда біз жеке кәсібін ашқысы келген адамдарға бизнесті қалай және неден бастау жөнінде кеңес береміз. Сондай-ақ, оларға бизнес-жоспар жасауға көмектесіп, жеке кәсіпті дамытудың құпиялары мен табысқа жетудің қыр-сы­рын, салық төлеу тәртібін және есеп-қисап жүргізу амалдарын үйретеміз. Сәуір айынан бастап «Бастау-бизнес» жобасы бойынша бірқатар осы аудандарда болып, ауыл тұрғындарын кә­сіп­керлікке тарту мақсатында се­ми­нар өткізбекпіз. Оқып болған соң семинарға қатысушыларға ар­найы сертификат беріледі. Осын­дай сертификаты бар адамдар мемлекеттік бағдарламаларға қа­тысып, тың жобаларға берілетін қай­тарымсыз қаражатқа ие болады. Осы жолы мемлекеттік грантты ұтып алуға үміткер 300 адам біздің семинарларымызға қатысуға тілек білдіруде. Бұл жұ­мыс облыстық кәсіпкерлік па­латасымен және жұмыспен қам­ту бөлімдерімен, олардың ау­дандардағы бөлімшелерімен бірі­гіп атқарылады. Аудан орталықтарына алыс ауылдардан келгендерге стипендия төленеді. Бұдан басқа жобалық оқыту деген де бар. Яғни сіздің жаңа жо­баңыз болса, оның жүзеге асы­рылуына көмектесеміз», де­ген Нұрлан Әбдірахманов қа­зіргі уақытта банктерден несие алып, кәсібін бастағысы кел­ген адамдардың осындай се­минарларға қатысқаны жөн еке­нін жеткізді. Оның сөзінше, мем­лекеттік бағдарламаларға қа­тысып, бизнесте бақтарын сы­нағысы келгендерден банк қыз­меткерлері міндетті түрде «Бизнес-мектебінен» өткендігі жөнінде сертификат талап етеді. 

Көп адам жеке қаражаты болмаған соң кәсібін бастау үшін банктерді жағалайды. Олар­дың кейбіреуі банктің тала­бынан өте алмай, несие ала ал­май­ды. Сөйтіп, жеке кәсібін бас­­тау туралы ойынан айнып, әр жерден тапқан нәпақасын қан­а­ғат қылып жүре береді. Шын­ды­ғында, ақшаға қарап қалған еш­теңе жоқ. Кәсіпкерлікті көк ти­ын­сыз да бастауға болады. Ол үшін әр адам өзінің ақыл-ойын, білімі мен біліктілігін, қол күшін, бойындағы күш-қайратын түгел пайдалануы керек. Мысалы, қазіргі кезде мұ­ғалімдер репетиторлықпен ай­на­­лысып, білімін пайдаланып ақ­ша табады, дәрігерлер ақылы ка­бинеттер ашуда, есепшілер де ақы­лы қызмет көрсетуге көшті, ән­шілер мен актерлер тойдан та­быс табуда. Біліміңіз жоқ болса, біреудің үйін салуға немесе бақшасын өсіруге көмектес. Тіп­ті, біреудің балаларын бағып та қа­ражат тауып жүргендер бар екен. 

«Мысалы, Жәнібек ауда­нын­дағы ІІІ топтың мүгедегі Мол­да­шева дейтін азаматша жеке кә­сіп­керлігін қара бақырсыз бастады. Ол кәсіпкерлікке қол жеткізу үшін өзінің қабілетін және мем­ле­кеттік бағдарламаларды пайдала­нды. Бұл әйел заманның қиын ке­зін­де қолдан көрпе-көпшік жасап сат­қан. Бұған шикізат ретінде ауыл-ауылдарда текке шашылып жатқан қой жүнін пайдаланған. Ал көрпенің сыртқы тысын тігу үшін матаны бұдан бұрын сатылған көрпелердің ақшасына сатып алды. Оның қолынан шыққан бұйымдар көпшілікке ұнап, уақыт өте келе оған тапсырыстар көптеп түсе бастады. Кейін ол жеке кәсібінің өрісін кеңейтуді ойлап, көрпе тігетін жүнді жуатын және оны тазартатын құрылғылар сатып алуды ойластырды. Сөйтіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға қаты­сып, демеушілер арқылы жүн жуа­тын құрылғыға ие болды. Одан кейін мемлекеттік грант арқылы жүн түтетін және тазартатын құрылғылар алды. Жаңа құрылғылардың арқасында оның қол жұмысы жеңілдеп, уақытын үнемдеді. Сөйтіп, мемлекеттік бағ­­дарламаларды тиімді пай­да­ланудың нәтижесінде көрпе-көп­шікті бұрынғыдан да сапалы, бұ­рын­ғыдан да көбірек даярлауға мүм­кіндік алды», дейді Нұрлан Әбдірахманов. 

Семинар барысында қаты­су­шыларға бизнес-жоспар жасау бойынша тапсырма берілді. Кәс­іп­­керлікке ниет еткендер арасын­да жоспарын жұртшылыққа жа­рия еткісі келмегендер де, бұ­ған ке­рісінше, жоспарының тиім­ді­лігін айтып, өзінің тәжірибесін әріп­­тестерімен бөліскісі кел­ген­­­дер де болды. Олар өз жо­ба­ла­рының тиімділігін дәлелдеп, әріптестерін жобаны бірігіп жүзеге асыруға шақырды. 

Айша ӨТЕБӘЛІ,
журналист

Батыс Қазақстан облысы