«Мақалада келтірілген деректерге орай мынаны хабарлаймыз: 2016 жылы М.Жұмабаев ауданында кәмелетке толмаған мектеп оқушысының суицидке бару фактісі негізінде Қылмыстық кодекстің 105-бабының 3-бөлімі бойынша/өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу/сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілген. Қылмыстық-процестік кодекстің 24-бабының талабына сәйкес, істі дұрыс шешуге қатысты мән-жайларды жан-жақты, толық зерттеуде заңда көзделген барлық шаралар қолданылған.
Кәмелет жасына толмаған бойжеткенді өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі анықталған жоқ.
Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабының 2-бөлімі бойынша қосымша дәлелдемелер жинаудың барлық процессуалдық мүмкіндіктері қарастырылған.
Құқықтық бұзушылық құрамның болмауына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған».