Суретті көргенде, оның не фото екенін, не өнер иесінің туындысы екенін ажырата алмай қалатын кездер жиі болып тұрады. Сондықтан CNN әлем суретшілерінің туындыларын топтастырып, халықты таң қалдырды. Бұл суреттердің әрқайсысын салу үшін ең аз дегенде бір апта уақыт кеткен.

Жоғарыдағы суреттің авторы- Джейми Салмон. Ванкуверде тұратын суретші тек адамдардың эмоциясын білдіретін суреттерді салады.

Годфрид Хелвейн атты суретші балалар портретін салумен айналысады.

Лео Прайс адамдардың күнделікті тіршілігін, қарапайым халықтың өмірін бейнелеуге маманданған.

Алисиа Монкс - 36 жастағы фотограф портреттерді камераға түсіргеннен гөрі, өз қолыңмен салған әсерлі деп есептейді.