08 Желтоқсан, 2016

Еліміздің үш қаласында жер сілкінісі сезілді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Зайсан, Талдықорған мен Жаркент қалаларында жер асты дүмпуі сезілді. ҚР БҒМ «сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансаларының тіркеуі бойынша, зілзала Алматыдан 757 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болған. Бүгін сағат 11:15-те болған жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14,4, магнитудасы – 6,1, тереңдігі 5 шақырым. Зайсанда 3 балл, Талдықорған мен Жаркент қалаларында 2-3 балдық жер асты дүмпуі сезілді.