08 Желтоқсан, 2016

Кәсіпкерлік білімге қажеттілік артты

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазір елімізде кәсіпкерлік білімге қажеттілік артқаны ерекше байқалады. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысында мәлім болды. «Елде білікті мамандарға мұқтаждық қалыптасып отыр. Бізде аяқ киім жасаушыларды, тігіншілерді, үй құсын өсірушілерді дайындамайды. Ал қаптаған қаржыгер, заңгер, бағдарламашы дипломдары бар жоғары оқу орындарының түлектері жұмыс таба алмай жүр. Сондықтан кәсіпкерлік университеттері желісіне зәрулік сезілуде. Кәсіпкерлік салада білім беру стандарты қабылданып, оны ЖОО мен кәсіптік-техникалық оқу орындарының негізіне айналдыру керек», деді Қызылорда облысы Сервис және қызмет көрсету саласы кәсіпкерлері қауымдастығының президенті Ерлан Райымов . Сонымен қатар ол кәсіпкерлік саладағы өткір маман тапшылығына алаңдаушылығын жеткізіп, бұл, әсіресе шағын бизнес бағытында өте өзекті екенін айтты. Басқосуда «Alageum Gruop» ЖШС бақылаушы кеңесінің төрағасы Сайдолла Қожабаев сөз сөйлеп, ғылыми еңбектерді қаржыландыру, отандық кәсіпкерлердің гранттарға қол жеткізе алмауы, кадр даярлау сапасы сынды мәселелер туралы ой қозғады. Асхат Райқұл, "Егемен Қазақстан".
Соңғы жаңалықтар