08 Желтоқсан, 2016

Қазақстан әлемдегі ірі агромәдени кластер бола алады - Халлиер

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Халықаралық сарапшылар Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы болашағы зор деп есептейді. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Almaty invest-2016» халықаралық форумы барысында Еуропа сауда институты, Еуропа ретэйл академиясының жетекшісі Бренд Халлиер "ҚазАқпаратқа"берген сұхбатында атап өтті. Халлиер мырза Қазақстанға инвестицияны тамақ өнеркәсібі мен логистикаға салған тиімді деп есептейді. Сонымен қатар, сарапшы органикалық өнімдер өндіру, табиғи, экологиялық таза тамақ өндірісі, алма, күріш, тағы басқа да Қазақстан бере алатын ауыл шаруашылығы өнеркәсібі инвесторлар үшін тартымды болатынын жеткізді. "Меніңше, ауыл шаруашылығы саласында Қазақстанның болашағы зор, сондықтан, ауыл шаруашылығы жобаларын дамытуға мән беру керек. Сіздердің елдеріңіздің әлемдегі ірі агромәдени кластерге айналуға әлеуеті жетерлік", - деді Бренд Халлиер. Сонымен қатар ол Қазақстанды Астана, Байқоңыр арқылы танитынын, одан да танымал болу үшін шетел БАҚ-тарына жиі жариялану керек деп ойлайтынын айтты. Айта кетейік, Бернд Халлиер форумның панельдік талқылауында Қазақстанда Халықаралық университет құруға мүдделі екенін жеткізді. Ол ЖОО Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан туралы баяндамалар жасап, нақты ақпараттар ұсынумен айналыспақ.
Соңғы жаңалықтар