09 Желтоқсан, 2016

Фотобәйге жеңімпаздары марапатталды

288 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
kazpravda-da-3Астанадағы Ұлттық музейде «Республикалық «Казахстанская правда» газеті» акционерлік қоғамы мерейлі мерекеміз – Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» атты фотокөрме салтанатты түрде ашылып, газет ұжымы мұрындық болған фотобәйге жеңімпаздары марапатталды. Мерекелі жылы «Казахстанская правда» газетінде фото шеберлерінің мәртебесін арттырып, өнегелі өнерде бақтарын сынап көруі үшін «Менің Қазақстаным» тақырыбымен фотобәйге жарияланған болатын. Содан бергі мезгілдерде еліміздің әр аймағынан редакция қоржынына 60 фотосуретшінің 600-ден астам туындысы келіп түсіп, оның ең үздіктері газет бетінде жарияланып отырды. Ал бүгінгі мына Ұлттық музейдің көрме залына әртүрлі тақырыптарды қамтыған, соның ішінде ең негізгісі – фотосурет арқылы туған өлкеміздің сұлулығын, табиғатын және оны мекендеген отандастарымыздың адами келбетін әр қырынан бейнелеген «Менің Қазақтаным» байқауына қатысушылардың 40-тан астам үздік туындылары қойылып, көрермен назарына ұсынылды. Басқосу барысында Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай, «Республикалық «Казахстанская правда» газеті» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Александр Тараков пен осы газеттің фототілшісі Игорь Бургандинов сөз сөйлеп, фото­өнердің қыр-сыры мен мән-мағынасына кеңінен тоқталып, бүгінгі жеңімпаздарға шеберлік шыңына өрлей берулеріне тілектестік білдірді. kazpravda-da-6Қазылар алқасының шешімімен бәйге жеңімпаздары болған жүлдегерлерді «Республикалық «Казахстанская правда» газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Вячеслав Пащенко құттықтап, арнайы марапаттарын табыстады. Аталған байқауда «Ауылдағы жаз» атты туындысы көзайым болған Айтжан Мұрзанов (Алматы қаласы) бірінші орынды иемденсе, жастардың әскери-патриоттық жиыны барысында түсірілген туындысы үшін аға сержант Думан Құрманғалиев (Қарағанды қаласы) екінші жүлдені еншілеп, Сергей Суров (Өскемен қаласы) өзінің «Ақ аруанасымен» үшінші бәйгені олжалады. Берік САДЫР, «Егемен Қазақстан» Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»