09 Желтоқсан, 2016

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

144 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
мәселелері туралы заң жобасы қаралды Парламент Сенаты Әлеуметтік мәдени-даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Заң жобасымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмы­сы­ның басталуын 2017 жылдың 1 шіл­десі­нен 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыс­тыру мақсатында «Міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі. Осыған байланысты Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қорына мем­лекет­тің жарналарын аударуды 2017 жыл­­дың 1 шілдесінен 2018 жылдың 1 қаң­тары­на ауыстыру ұсынылады. Жұмыс беру­­шілердің аударымдары мен дара кәсіп­кер­лердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокат­тар­дың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқық­тық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын Қорға аудару 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 1 шілдесіне ауыстырылады. Заң жобасымен, сондай-ақ Бюджет кодексіне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс­ке және «Білім туралы» Заңға интер­­наттық ұйымдарды қоспағанда, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетулерді білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру бөлігінде түзету енгізу көзделеді. Отырыста Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары А.Цойдың баяндамасында жоба туралы жан-жақты айтылды. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Ә.Бектаев қосымша баяндама жасады. Отырыс бары­сында заң жобасы бойынша депутаттар Б.Әйтімова, С.Бектұрғанов, Ә.Бектаев, Ж.Ерғалиевтің қойған сауалдарына ми­нистр­дің орынбасары А.Цой жауап берді. Комитет төрағасы Б.Әйтімова еліміз­дің тұрғындары үшін міндетті әлеуметтік сақтан­дырудың маңызын атап өте келіп, оны Парламент Сенатының отырысында бірінші оқылымда талқылауға шығаруды ұсынды. Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.