«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Алматы облысындағы Үштөбе темір жол бекетіне ертелете жетті. Көп адам қатысқан темір жол бекетіндегі жиынды Қаратал ауданының әкімі Қайрат Бисембаев ашып, тәуелсіз еліміздің бүгіні туралы сөз қозғады.
– Үгіт пойызының қасиетті Қаратал жеріне келіп, еліміздің рухын жанып, болашаққа сенімімізді арттырғанына алғысымыз шексіз. Мұнда барлығы 43 этнос өкілі еңбек етіп, тату-тәтті тірлік кешіп отыр – деді әкім.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған осынау республикалық акцияның жан-жақты ойластырылғандығы сол, әлеуметтік іс-шараларды толық атқаруға салалық мамандардың уақыттары молынан жетті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесуге 150 адам қатысты. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызымен келген кәсіби мамандардың бір тобы Үштөбе қаласындағы балаларды оңалту орталығында болып, оның жұмысымен танысты.
Тағы бір баса айтар дүние – Қоғамдық келісім кеңесінің және «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдауына 12 адам келіп, кеңес алды. Олар көкейлеріндегі көп мәселеге жауап алғандарын айтты.
Әлеуметтік мәселелер бойынша әңгіме қозғайтын болсақ, зейнеткерлер барға қанағат тұтатындарын, ең бастысы елдің тыныштығы екенін алға тартып жатты. Ал Әділет министрлігінің заңгерлері құқықтық көмек көрсету және заң мәселелері бойынша 31 азаматқа консультативтік кеңес берді. Ауыл шаруашылығы, Инвестициялар және даму министрлiктерінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысқан басқосуға кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша 33 тұрғын келіп, кеңес алды.
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызын көптен күтіп жүргендерге Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өкілдерінің қатысуымен консультативтік кеңес берілді. Барлығы 336 адам кеңес алса, олардың 55-і балалар болды. Бұл ретте, Астана және Алматы қалаларындағы медициналық орталықтарға 16 адам жіберілетіндігін және үйлерінде дәрігерлік көмекті 25 науқастың алғанын да атап өткен абзал.
Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен ауданның үздік мұғалімдерімен, білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесуге 140 және қабылдауға 28 адам келгенін де айта кетейік.
Қорыта айтқанда, бұл күні барлық іс-шараға 2000-нан аса адам қамтылды. Әрине, халық разы. Себебі, облыс орталығының іргесінде орналасқанымен, дер кезінде дәрігерлік көмек алу да уақытты талап етеді. Ал бүгін аудан орталығына кәсіби мамандардың жүздеп келіп, көңілдер кілтін тапқаны қуантты. Сол қуаныштарын бір-бірімен бөліскен үштөбеліктер бір жасап қалды.
Риза халық «әп, бәрекелді» деп алғыстарын ағыта «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын шаттықпен шығарып салды.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан»
Алматы облысы,
Қаратал ауданы

«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
Қоғам • Бүгін, 18:45
Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 18:26
Атырау облысында енесін өлтірген келін қылмыстық жауаптылықтан босатылды
Аймақтар • Бүгін, 18:18
Астанада «Замана жаңғырығы» этно-балетінің тұсаукесері өтеді
Театр • Бүгін, 18:03
Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді
Оқиға • Бүгін, 17:52
Жұмыссыздық бойынша төлем қалай тағайындалады?
Қоғам • Бүгін, 17:45
Тоқаев ЕАЭО-ға кіретін көліктерге қойылатын талаптарға қатысты құжатқа қол қойды
Президент • Бүгін, 17:39
Президент: Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне тілектеспіз
Президент • Бүгін, 17:33
Жас сарапшылар Конституциялық комиссия мүшелерімен бірге жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:28
Мемлекет басшысы: Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз
Президент • Бүгін, 17:27
Анасын іздеген Панч: Кішкентай маймыл жер бетін қалай мейірімге бөледі?
Қоғам • Бүгін, 17:12
Астана әкімдігі 1,36 трлн теңгені қайда жұмсайды?
Елорда • Бүгін, 17:03
Қазақ ақындары жаңа Конституцияға өлеңмен қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 16:53
Биыл Сербия мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толады
Президент • Бүгін, 16:47