09 Желтоқсан, 2016

«Қара тізімнен» шығарылды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуропалық комиссия ресми түрде қазақстандық авиакомпаниялардың Еуропаға ұшуына шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі ЕО Ұшу қауіпсіздігі тізімін («қа­ра тізім») Еуропалық одақ ел­дері әуе кеңістігінде ұшу қа­у­іп­сіздігін қамтамасыз ету мақ­са­­тын­да Еуропалық комиссия қа­лып­тастырады. Бүгінгі күнге дейін тізімде «Эйр Астана» авиакомпания­сынан басқа барлық қазақстандық авиакомпаниялар болды. Осы шешім Брюссельде үсті­мізд­егі жылғы 23 қарашада өткен Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитеті отырысының қорытындысы бойынша қа­был­данды. Отырыста Қазақстан Рес­публикасы Инвестициялар және даму министрлігінің делегациясы еліміздегі ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі, Еуропалық ко­мис­сияның қадағалауларын жою бой­ынша іске асырылып жатқан тү­зету іс-қимылдар жоспарлары және ми­нистрліктің отандық Аза­маттық ави­ация саласын дамыту жоспары туралы ақпараттар ұсынды.