09 Желтоқсан, 2016

Қытайда девальвация болды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Қытайдың Халық банкі Еуропалық Орталық банкінің базалық ставканы көтермеу туралы шешімінен кейін бірден юаньнің курсын 0,35 пайызға әлсіретіп жіберді. Бұл 21 қазаннан бергі алғашқы күрт төмендеу, деп хабарлайды abctv.kz. Бүгін Қытай орталық банкі юаньнің долларға шаққандағы бағамын 6,8972 деңгейінде белгіледі. Бұл кешегі көрсеткіштен 241 пунктқа жоғары. Қараша айының ортасынан бері юаньнің долларға шаққандағы бағамы 2008 жылдың тарихи минимумынан бері бірнеше рет жаңарды. Осыдан кейін Қытай орталық банкі бірнеше рет ұлттық валюталарын нығайтқан еді. Қытай валютасы долларға шаққанда 8,3 бағамымен ұзақ шыдады. Ол тек 2005 жылы ғана көтеріле бастаған. 2008 жылдың күзінен бастап бір жыл бойы курс 6,8 айналасында болған. Ал 2009 жылдың қыркүйегінде қайта көтеріле бастады. 2014 жылдың қаңтарында ең жоғары деңгейге жетіп, 1 доллар 6 юань болды.