09 Желтоқсан, 2016

Ақтөбе желтоқсанда 4 мың тонна қар шығарды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтөбеде коммуналдық қызмет өкілдері желтоқсанның басынан бастап бүгінге дейін қаладан 4 мың тонна қар шығарды, деп хабарлайды 24.kz. Қазіргі таңда шаһарды қардан тазарту жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Ауласындағы үйілген қарды тазаламаған жеке тұрғын үй және бизнес нысандарының иелеріне әкімшілік шара қолданылады. Өздеріне тиесілі аумаққа жауапсыз қараған азаматтарға 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Соңғы 2 тәуліктің өзінде 9 тұлға жауапқа тартылған. "Биылғы жылы қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау үшін 14 мердігер бекітілген. Жалпы арнайы техникалардың саны – 240. Оған тиісті қаражаттар көзделген", дейді қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров.