09 Желтоқсан, 2016

Қазақстан ертең мұнай бағасының көтерілетінен үмітті

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10 желтоқсанда Венада өтетін ОПЕК пен оған кірмейтін елдердің кездесуінен кейін мұнай қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Қазақпарат Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың сөзіне сілтеме жасап. "Қазақстан ОПЕК-тің мұнай бағасын көтеру үшін өндірісті азайту туралы бастамасын қолдайды. Өздеріңізге белгілі, ОПЕК өндірісті 3-4 пайызға азайтуға келісті. Осының нәтижесінде баға 17 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. Егер ертеңгі кездесуде ортақ келісімге келе алатын болса, мұнай нарығындағы елдер мен компаниялар үшін өте жағымды жаңалық болар еді", - дейді министр. Сонымен қатар Бозымбаев өндірісті азайтудың біздің экономикаға ешқандай зиян бермейтінін айтты.