09 Желтоқсан, 2016

Астанадан шығатын жолдар жабылды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Боранға байланысты Астанадан өзге өңірлерге шығатын бірқатар негізгі жолдар жабылды, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК. Қазіргі уақытта «Астана-Петропавл» жолының Астана мен Бурабай аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді. Бұдан бөлек, «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-205 шақырымындағы елорда мен Павлодар облысындағы Шідертіге дейінгі учаске жабылды. Боран салдарынан «Екатеринбург-Алматы» жолының Астана мен Қарағанды облысы аралығында барлық көлік түрлері үшін шектеу енгізілді. Ал Ақмола облысы шекарасы мен Теміртау қаласы учаскесінде, яғни 1353-1444 шақырымда жүк және қоғамдық көліктер үшін жол жабық. Мұнымен қоса, Қарағанды қаласы - Ақсу-Аюлы аралығында барлық көлік түрлеріне жолға шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар «Екатеринбург-Алматы» жолының Астана мен Атбасар учаскесінде де көлік қозғалысы шектелді.