09 Желтоқсан, 2016

SCAT Еуропаға әуе рейстерін ашады

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
SCAT әуекомпаниясы Қазақстаннан Грекия, Италия, Израиль, Чехия мен Германияға рейстер ашуды жоспарлар отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Осы күнге дейін Қазақстандағы төрт әуекомпаниялардың ешқайсысы тікелей Еуроодақ елдеріне рейстер жасамайтын. Себебі Еуропада IOSА қауіпсіздік аудиті бар. Қазір Қазақстан бұл аудитте 74 пайызға қол жеткізді. Яғни, жоғары талаптарға сай компаниялар Еуропа елдеріне халықаралық маршрут ашуды жоспарлай алады. Осы қатардан көрінген SCAT енді Қазақстаннан Грекия, Италия, Израиль, Чехия мен Германияға әуе рейстерін ашпақ.