09 Желтоқсан, 2016

Ердоған ресми сапармен Қазақстанға келеді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түркия президенті  Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 11-12 желтоқсанда Қазақстанға келеді, деп хабарлайды  Yeni Safak агенттігі. Түркия басшысының екі күндік ресми сапары аясында Қазақстан Президентімен оңаша және делегация құрамында  кездеседі.  Тараптар екіжақты қатынасты, сондай-ақ діни және халықаралық күн тәртібін талқылайды. Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 3-ші отырысына дайындық мәселесі талқыланады деп күтілуде. Кеңестің бірінші отырысы 2012 жылы Президент Назарбаевтың Түркияға сапары барысында өткен.