«Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі бүгін жұмыс сапарымен Орал өңірінде болып, "Жайық Пресс" медиахолдингінің басшысы Жантас Сафуллинмен және облыстық, аудандық басылымдардың журналистерімен кездесті. Бұл туралы осы медиахолдингтің сайты хабарлады.
Жиналған қауымды ең алдымен Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған Д.Қуандықұлы ел газеті «Егеменде» енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға тоқталды. Оқырманмен байланыс, журналистердің жұмыс жасау əдістері, ақпараттық жаңа технологияны тиімді пайдалану, жас мамандарды тəрбиелеу туралы ойларын бөлісті.
«Қазақ халқының тарихындағы атақты хандар мен батырлардың мекені болған Жайық өңіріне келіп, ірі медиахолдинг болып саналатын "Жайық Пресс" орталығына бас сұғуымның бірнеше себебі бар. Соның ең бастысы – Қазақстандағы баспасөз ісінің батыстан бастау алуы, алғашқы газеттердің осы жерде басылуы. Олардың жинақталып, зерттеліп, жүйеленіп, кітап болып шығуы өзге басылымдар үшін үлкен өнеге, тағылым болып табылады. "Егемен Қазақстан" газетінің бастауы болған "Ұшқын" газетінің осы өңірден басылып шыққандығын біз өз тарихымыз ретінде танимыз. «Ұшқынның» алғашқы санынан бастап жинақтап, транскрипция жасап, хатқа түсіріп жатқан сіздерге зор ризашылығымызды білдіре отырып, әрі қарай да бірлесе жұмыс істейтін боламыз деген сенімдемін», – деді «Егеменнің» басшысы.
Д.Қыдырәлі жуырда Əзірбайжан елінде өткен Баку Конгресінің 90 жылдығына арналған үлкен жиынға қатысып қайтқанын, латын әліпбиіне көшу жөнінде маңызды шешімдер қабылданған сол жиында әзірбайжандық əріптестерге "Жайық Пресс" медиахолдингінің бастамашылығымен жарық көрген "Қазақстан" кітабын осы ұжымның атынан сыйға тартқанын да айтып өтті.
• 09 Желтоқсан, 2016
«Егеменнің» басшысы «Жайық Пресс» медиахолдингінде болды

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын түсіндіретін оқу құралын жарыққа шығарды
Ата заң • Бүгін, 14:57
Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді
Ән • Бүгін, 14:47
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдіктіні ұстау сәтінен фото-видео жарияланды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:30
Қарағандылық құтқарушы гір тасын көтеруден рекордын жаңартты
Спорт • Бүгін, 14:22
Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:17
Шымкентте алаяқтар студенттерді TikTok арқылы тұзаққа түсірген
Оқиға • Бүгін, 14:01
47%-дық құлдырау: Үш алпауыт кен орнындағы өндіріс неге тежелді?
Экономика • Бүгін, 13:56
Қазақстан Ресейдің көмегінсіз үш жаңа жылу станциясын салады
Энергетика • Бүгін, 13:47
Экрандағы әрбір қимылды қалт жібермейтін көмекші пайда болды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:40
Ақмола облысындағы өрттен қайтыс болғандардың аты-жөні жарияланды
Оқиға • Бүгін, 13:22
«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің 10%-ын қысқартады
Қоғам • Бүгін, 13:10
Жасанды интеллект бес есе жылдам жазатын болды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:02
Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңге беріледі
Оқиға • Бүгін, 12:58
«Болашақ кітапханасы»: XXII ғасырда қандай кітаптар жарық көреді?
Әдебиет • Бүгін, 12:48
Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді
Президент • Бүгін, 12:37