Бүгін Алматыда 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 Алау эстафетасының әнұраны бекітілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Әнұран музыкасының авторы - белгілі сазгер, халықаралық байқаулардың лауреаты, Еуразия мәдениет қорының президенті Ерұлан Қанапиянов. Әнұран сөздерін ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткеры, ақын Шөмішбай Сариев жазды. Әнұранды «Астана Опера» театрының жетекші солисі Майра Мұхамедқызы және Медет Шотабаев орындады. Сондай-ақ, оны жазуға «Арт-Вокал» тобы атсалысты.
«Әнұранды шығару кезінде біз Қазақстанда, біздің сұлу қаламыз Алматыда әлемдік деңгейдегі аса маңызды спорт жарыстары өтетіндігінен шабыт алдық. Біздің мегаполиске мыңдаған спортшы, спорт әуесқойлары мен туристер келмек. Олар біздің табиғатымызға тәнті болып, алматылықтардың қонақжайлығына жоғары бағасын беретіндігіне сенімдімін. Өткізілейін деп отырған Универсиада көптеген жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырады деп үміттенемін», деді әнұран авторы Ерұлан Қанапиянов:
Ал әнұранды орындаушы Майра Мұхамедқызы Instagram-дағы парақшасында: «Маған осы керемет әнді орындауды ұсынған кезде ол маған бірден ұнады. Ал ән жаныңа жақын болса, оны өз жүрегіңнен өткізбей орындау мүмкін емес!» деп жазады.
Алау эстафетасының әнұраны 2017 жылдың 25 қаңтарында Астанадағы Назарбаев Университетінде өткізілетін Алауды тұтату салтанатында, сондай-ақ, Қазақстанның бүкіл аймақтарында өткізілетін эстафетаның келесі кезеңдерінде шырқалатын болады.
• 09 Желтоқсан, 2016
Универсиада-2017: Алау эстафетасының әнұраны бекітілді

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын түсіндіретін оқу құралын жарыққа шығарды
Ата заң • Бүгін, 14:57
Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді
Ән • Бүгін, 14:47
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдіктіні ұстау сәтінен фото-видео жарияланды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:30
Қарағандылық құтқарушы гір тасын көтеруден рекордын жаңартты
Спорт • Бүгін, 14:22
Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:17
Шымкентте алаяқтар студенттерді TikTok арқылы тұзаққа түсірген
Оқиға • Бүгін, 14:01
47%-дық құлдырау: Үш алпауыт кен орнындағы өндіріс неге тежелді?
Экономика • Бүгін, 13:56
Қазақстан Ресейдің көмегінсіз үш жаңа жылу станциясын салады
Энергетика • Бүгін, 13:47
Экрандағы әрбір қимылды қалт жібермейтін көмекші пайда болды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:40
Ақмола облысындағы өрттен қайтыс болғандардың аты-жөні жарияланды
Оқиға • Бүгін, 13:22
«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің 10%-ын қысқартады
Қоғам • Бүгін, 13:10
Жасанды интеллект бес есе жылдам жазатын болды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:02
Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңге беріледі
Оқиға • Бүгін, 12:58
«Болашақ кітапханасы»: XXII ғасырда қандай кітаптар жарық көреді?
Әдебиет • Бүгін, 12:48
Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді
Президент • Бүгін, 12:37