09 Желтоқсан, 2016

Қырғызстанда сайлау алдындағы «үнсіздік күні» басталады

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kirgizstan Қырғызстанда ертең сайлау алдындағы «үнсіздік күні» басталады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі Орталық комиссиясы мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ. «Бүгін партиялардың үгіт-насихат жүргізетін соңғы күні, ертең «үнсіздік күні» жарияланады», - деп мәлімдеді ОСК баспасөз қызметі. «Үнсіздік күні» бүгін түн ортасында басталса, дауыс беру 11 желтоқсанда таңғы сағат 8-де басталады», - деп атап өтті ОСК. Айта кетейік, Қырғызстанда жергілікті кеңешке мен Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдумдар 2016 жылдың 11 желтоқсанына белгіленген.  
Соңғы жаңалықтар