Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында елорда әкімі Әсет Исекешев желтоқсан оқиғаларының 18 қатысушысына «Желтоқсанның 30 жылдығы» құрмет медальдарын табыс етті, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана әкімі қонақтарды құттықтап, мемлекеттік мерекенің маңыздылығын атап өтті.
«Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл, тарихи тұрғыдан бұл қысқа кезең, бірақ Қазақстан үшін бұл тарихи кезең. Елбасымыз айтқандай, бұл жылдың маңызды оқиғасы. Еліміздің барлық жетістіктерін ұғынып, болашаққа жоспар жасауымыз керек», – деді әкім.
«Мемлекет басшысы «Мәңгілік елге» айналу жолында мықты мемлекет құрып, әлемнің өркениеті озған 30 елінің қатарына қосылу мақсатын қойды. Мереке қарсаңында Желтоқсан оқиғаларының қатысушыларына естелік медальдар табыс ету мен үшін және менің әріптестерім үшін үлкен құрмет. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы есте қалар оқиға болады деп ойлаймын», - деді әкім өз сөзінде.
Өз кезегінде марапатқа ие болғандар әкімге алғыстарын айтты.
«Астана – Президенттің төл перзенті. Бұл біздің жоба, мемлекетіміздің келбеті. Қызметіңізде толағай табыстар тілейміз! Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған шараларды, сондай-ақ желтоқсан оқиғасының 30 жылдығын лайықты атап өтейік. Еліміздің жетістіктерін барша әлемге тағы да паш етейік. Қолымыздан келгенше көмек беруге дайынбыз», - деп мәлім етті ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары Сабыр Касимов.
• 09 Желтоқсан, 2016
Елордада Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға арнайы сыйлықтар табысталды

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын түсіндіретін оқу құралын жарыққа шығарды
Ата заң • Бүгін, 14:57
Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді
Ән • Бүгін, 14:47
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдіктіні ұстау сәтінен фото-видео жарияланды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:30
Қарағандылық құтқарушы гір тасын көтеруден рекордын жаңартты
Спорт • Бүгін, 14:22
Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:17
Шымкентте алаяқтар студенттерді TikTok арқылы тұзаққа түсірген
Оқиға • Бүгін, 14:01
47%-дық құлдырау: Үш алпауыт кен орнындағы өндіріс неге тежелді?
Экономика • Бүгін, 13:56
Қазақстан Ресейдің көмегінсіз үш жаңа жылу станциясын салады
Энергетика • Бүгін, 13:47
Экрандағы әрбір қимылды қалт жібермейтін көмекші пайда болды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:40
Ақмола облысындағы өрттен қайтыс болғандардың аты-жөні жарияланды
Оқиға • Бүгін, 13:22
«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің 10%-ын қысқартады
Қоғам • Бүгін, 13:10
Жасанды интеллект бес есе жылдам жазатын болды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:02
Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңге беріледі
Оқиға • Бүгін, 12:58
«Болашақ кітапханасы»: XXII ғасырда қандай кітаптар жарық көреді?
Әдебиет • Бүгін, 12:48
Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді
Президент • Бүгін, 12:37