09 Желтоқсан, 2016

Сыр өңірінде Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға құрмет көрсетілді

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kizilorda Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов  Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазалылық азаматтармен кездесіп, сый-құрмет көрсетті, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. «Сіздер Желтоқсан оқиғасында қазақтың рухы күшті, өр, намысты халық екендігін айдай әлемге таныттыңыздар. «Ер есімі - ел есінде» дегендей, Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қазалының сол кездегі 17-18-дегі өрімдей жастары, бүгін кемел жасқа келдіңіздер. Әр салада қызмет етіп, ел мен жердің өркендеуіне үлес қосып жатырсыздар», - деді аудан әкімі. Кездесу барысында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар А.Қожақова, Ұ.Алматова, Ж.Нұрмашева, А.Машай желтоқсандықтарға аудан басшылығының тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдірді.
Соңғы жаңалықтар