Соңғы екі аптаның ішінде Сыр бойының руханият саласы бір емес, бірнеше маңызды шарамен айшықталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап облыс әкімдігі халықаралық айтыс өткізді. Әрісі Қытай, Моңғолия, Қырғызстаннан, берісі өзіміздің елден ақындар қатысып, аламанның көркін қыздырды. Бас жүлдеге тігілген жеңіл көлікті қызылордалық Мұхтар Ниязов, екінші көлікті Алтай асып келген арқалы ақын Ұларбек Минетханұлы иеленді.
Жыр еліне іле-шала Арқа мен Батыстың, Жетісу мен Сырдың саңлақтары дәстүрлі орындаушылардың республикалық өнер фестивалінде күміс көмейден жыр төгілтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов, жыршы Сәуле Жанпейісова, еліміздегі бірден-бір манасшы Баянғали Әлімжанов, Жетісу, Арқа мектебінің өкілдері Рамазан Стамғазиев пен Ерлан Рысқали, Батыс жыр мектебінің орындаушысы Айгүл Қосанова, Ұлжан Байбосынова және тағы басқалар текті сөздің төресін теріп айтып, құлақ құрышын қандырды. Елмұра Жаңабергенова, Арнұр Көшеней, Серік Жақсығұлов, Күнсұлу Түрікпенова, Өмірқұл Айниязов тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.
Ақынын ардақтаған ел азбайды. Ақын-драматург Асқар Кіребаевтың 70 жылдығына орай марқұмның шығармашылығы мен еңбегін насихаттау шаралары өткізілуде. Соның бірі – облыстық жас ақындар мүшәйрасы. Бақ сынағандар түрлі тақырыпта жазған дүниелерін оқып, шын жүйріктер дараланып шықты.
Сондай-ақ, жуырда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Шаһизада Әбдікәрімовтің «Ақыл мен сезім бұрқағы» атты поэзия кеші өтті.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдары өлең патшалығына талантты толқын келді. Солардың қатарында алғашқы жыр шумақтары 1975 жылы «Көктем тынысы» кітабына енген, бүгінде есімі елге мәлім Шаһизада Әбдікәрімов те бар. Ол ақын атанып қана қойған жоқ. Қалалық телеарнаны аяққа тұрғызуда талмай тер төкті. Бүгінде ол құрған «Қоғам ТВ» шығармашылық ұжымы мен материалдық-техникалық базасы қалыптасқан ақпарат құралына айналды. Шаһизада Өтетілеуұлы облыстық мәслихаттың депутаты ретінде де өңірдің өзекті мәселелерін шешуге үлес қосты.
Ақынның шығармашылық кеші барысында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, ақын Ұлықбек Есдәулет жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, ақын Жүрсін Ерман, әдебиетші-ғалым, ҰҒА корреспондент-мүшесі Бауыржан Омаров, Ұлттық телехабарлар тарату қауымдастығының атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаева, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев тілектестік білдірді.
Осы кеште облыс әкімі Қырымбек Көшербаев келесі жылдан бастап Сыр елінде «Парасатты поэзия» атты ақындар фестивалін өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Түркістандық айтыскер Бекарыс Шойбековтің бірде «Сырдан алтын шықпауы мүмкін, бірақ ақын шықпауы мүмкін емес» дегені бар. Небір дүлдүлді түлеткен топырақтың киесі де осында болса керек.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын түсіндіретін оқу құралын жарыққа шығарды
Ата заң • Бүгін, 14:57
Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді
Ән • Бүгін, 14:47
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдіктіні ұстау сәтінен фото-видео жарияланды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:30
Қарағандылық құтқарушы гір тасын көтеруден рекордын жаңартты
Спорт • Бүгін, 14:22
Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:17
Шымкентте алаяқтар студенттерді TikTok арқылы тұзаққа түсірген
Оқиға • Бүгін, 14:01
47%-дық құлдырау: Үш алпауыт кен орнындағы өндіріс неге тежелді?
Экономика • Бүгін, 13:56
Қазақстан Ресейдің көмегінсіз үш жаңа жылу станциясын салады
Энергетика • Бүгін, 13:47
Экрандағы әрбір қимылды қалт жібермейтін көмекші пайда болды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:40
Ақмола облысындағы өрттен қайтыс болғандардың аты-жөні жарияланды
Оқиға • Бүгін, 13:22
«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің 10%-ын қысқартады
Қоғам • Бүгін, 13:10
Жасанды интеллект бес есе жылдам жазатын болды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:02
Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңге беріледі
Оқиға • Бүгін, 12:58
«Болашақ кітапханасы»: XXII ғасырда қандай кітаптар жарық көреді?
Әдебиет • Бүгін, 12:48
Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді
Президент • Бүгін, 12:37