Қазақ бауырмалдығы туралы сыр шерткен кітап жарық көрді
«Біздің көп ұлтты Отанымыз – ғарыш айлағы дерсің. Мен оны әрқашан да зор тебіреніспен айтып та, жазып та келемін...»
Айтулы ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің осынау ғибратты сөзімен алғашқы парағын ашқан бұл кітап – «Менің Отаным – Қазақстан» деп аталады. Қазақ, өзбек және орыс тілінде көркем жазылып, әсем тысталған, түрлі-түсті суреттермен әшекейленіп, бар әуезімен шыққан кітаптың авторы – Қазақстан халқы Ассамблеясының Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Абдолла Исматуллаев. Автордың арқалы ақын Олжастың аңызға бергісіз айқын сөзін кіріспе етіп алуының өзінде де зор мән жатқан секілді. Өйткені, Абдолла кітабында қазақ бауырмалдығы шығарманың негізгі өзегіне айналғанын оның парақтарын ақтара отырып көз жеткізесіз.
Қазақстан халқы Ассамблеясының алғаш отау тіккен күнінен бастап Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына дейінгі аралық кезең тарихи қызықты деректер мен фотосуреттер, қызықты шежірелер кезегімен, ретімен бейнебір кинотаспадағыдай тартылып сыр шертеді.
Қаламгер Абдолла Исматуллаев өзінің бұл әдеби шығармасында Қазақстандағы өзбек этномәдени бірлестігінің іс-қимыл әрекеттерін кең ауқымда баяндай келіп, Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішінде жүріп өткен дәуірлі даңғылына жан-жақты тоқталады, сараптай отырып сырлы оймен баға береді. Автордың ел тарихы, оның экономикалық ілгерілеу адымдары жөнінен мағлұматының молдығына сүйсінесің, ізденімпаздығына көңілің тола таңданасың.
Қазақстандағы алғашқы дәуірлік кезеңнен бастап, Алаш қозғалысы, ашаршылық, Екінші дүниежүзілік соғыс туралы нақты да танымдық деректер оқырманын еш бейжай қалдырмайды. Төртінші бөлім толықтай Қазақстанның Тәуелсіздігі жылдарына арналса, бесінші бөлім Қазақстан халқы Ассамблеясына, оның ішінде Қазақстандағы өзбек этномәдени бірлестігінің уақыт кезеңіндегі іс-қызметіне, қоғамдағы белсенділігіне арналады.
Үш тілде тең басып тайпала сөз жорғалатқан, ұлттық мүдде мен қазақ бауырмашылдығын қарасөзбен жырлаған Абдолла Исматуллаевтың құнды еңбегі сонысымен де барша оқырмандарының жүрегін жылытары даусыз.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

«Сарыарқа» хоккей клубы рудныйлық «Горняктан» басым түсті
Спорт • Бүгін, 16:04
Қарағандылық ғалымдар мен студенттер конституциялық реформаны талқылады
Ата заң • Бүгін, 16:03
Партияаралық дебат өтеді: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Ата заң • Бүгін, 15:50
Оралдың креативті әрі белсенді жастары жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 15:47
Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Бүгін, 15:40
Щучинск қаласындағы оқиғаны тергеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Жасанды интеллект • Бүгін, 15:25
Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:14
«Странджа кубогі»: Бүгін 10 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Спорт • Бүгін, 15:13
Батыс Қазақстан облысында Ата заң жобасының жаңашылдықтары мен басымдықтары түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 15:05
ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын түсіндіретін оқу құралын жарыққа шығарды
Ата заң • Бүгін, 14:57
Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді
Ән • Бүгін, 14:47
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдіктіні ұстау сәтінен фото-видео жарияланды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:30
Қарағандылық құтқарушы гір тасын көтеруден рекордын жаңартты
Спорт • Бүгін, 14:22
Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:17