Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қызылжар өңіріне жұмыс сапары кезінде бірқатар жетекші кәсіпорындарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов ауыр машина жасау саласын дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар мен бағдарламалар жайлы хабардар етті.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары бастаған делегация алдымен Петропавл халықаралық әуежайына ат басын тіреді. 2400 шаршы метр аумаққа орналасқан әуежай күрделі жөндеуден өткен. Республикалық қазынадан бөлінген 1,2 миллиард теңгеге ұшу-қону жолақтары, терминал, перрон қалпына келтіріліп, күніне 200 жолаушыға дейін қабылдай алатын мүмкіндікке ие болған. Қазір ұшақтар Астана, Алматы бағыттары бойынша қатынайды. Келесі жылдан бастап алыс-жақын шетелдер үшін рейстер ашылады.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының тағы бір аялдаған жері Петропавл ауыр машина жасау зауыты болды. Бір кездері экономикалық қиындықтар салдарынан тұралап қалған өндіріс орны тәуелсіздік жылдары дамудың жаңа сатысына көтеріліп, әртараптандырылды. Жыл өткен сайын қуаттылығы артып, мұнай өңдейтін салалар үшін қондырғылар, қосалқы бөлшектер шығарады. АҚ-тың бас директоры Қуаныш Бишімов, сондай-ақ, энергетикалық, жүк көтергіш техникалар, темір жолды жөндеу және қызмет көрсету саласына жабдықтар жасалатынын мәлімдеді. 2007 жылдан бастап индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына тұрақты түрде қатысып, көп бейінді өндірістік және сынақ базасымен, заманауи өндіріс құрал-жабдықтармен, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілді. Техникалық парк миллиард теңгеге жаңартылды. Қазір мұнда бір мыңға жуық адам еңбек етеді.
А.Мамин машина жасау өндірісі ел экономикасында шешуші буын болып табылатынын, жуырда өткен жалпыұлттық телекөпірде Елбасы Н.Назарбаев тың жобалардың тұсауын кескенін, отандық өнімдерді қолдау бағыты бірізділендіріліп, қолдау күшейгенін, алдағы міндет бәсекеге қабілетті сапалы тауарлар шығару, нарық көзін кеңейту болып табылатынын атап көрсетті. Аймақ басшысы Е.Сұлтанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық оң үдерісін индустриялық-инновациялық даму жайы айқындайтынын, машина жасау саласы үлкен серпін алғанын, егемендік алған алғашқы жылы өндіріс көлемі 7 миллион теңгені құраса, бүгінде 167 миллиард теңгеге жеткенін алға тартты. Екі мыңнан аса өнім түрлері пайда болған. Өңдеу өнеркәсібімен шұғылданатын 463 кәсіпорын 6400 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өнеркәсіп өнімділігінің бестен бірі осы салаға тиесілі. Биылғы тапсырыс 35, 8 миллиард теңге болып, өткен жылға қарағанда 51 пайызға артқан. Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде 41 миллиард теңгенің 54 жобасы іске қосылып, 2 мың жаңа жұмыс орны ашылған, 36 өндіріс орны бой көтерген.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары «Мұнаймаш» АҚ-та өндіріске енгізілген озық технологиялармен танысып, кәсіпорынның келешегі зор екеніне көз жеткізді. Мұнай-газ саласына құрал-жабдықтар шығаратын зауыттың өнімдері халықаралық талаптарға толық сай. Биыл 1,8 миллиард теңгенің тапсырыстары мерзімінен бұрын орындалып, қосымша тапсырыстар алынған. Кәсіпорын басшысы Спартак Пушкарев мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға ризашылығын білдірді.
А.Мамин ауыр машина жасау саласы өкілдерінің назарын сұранысқа, заман ағымына лайықталған және де ең бастысы, бәсекеге шыдамды, бағасы қолжетімді қазақстандық мазмұн үлесін арттыру қажеттігіне аударды. Президент белгілеп берген «Нұрлы жол», басқа да қуатты бағдарламалар дағдарысты еңсерудің ілкімді жобалары екенін жақсы білесіздер. Оның игіліктерін тау-кен, өңдеу кәсіпорындары да жақсы сезініп отыр. Экспорттық жаңа өнімдер мен тауарларды молайту өте маңызды. Мәселелерді кешенді түрде шешкенде ғана міндеттер мүлтіксіз орындалады. Өңірдің өндірістік әлеуеті зор, деді ол.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары бастаған делегация Бескөл кентінде жұмыс істейтін «Радуга» ЖШС-інде болып, пайдалануға берілген жаңа жобаның нәтижесін оң бағалады.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Жасанды интеллект бес есе жылдам жазатын болды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:02
«Болашақ кітапханасы»: XXII ғасырда қандай кітаптар жарық көреді?
Әдебиет • Бүгін, 12:48
Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді
Президент • Бүгін, 12:37
Щучинсктегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды: Кінәлілер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:30
Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына 5 млрд доллардан астам қаржы салды
Үкімет • Бүгін, 12:28
Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген 20 адам жауапкершілікке тартылды
Оқиға • Бүгін, 12:23
Ақордада Сербия Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Президент • Бүгін, 12:02
Серік Жұманғарин: Еліміздің ІЖӨ мөлшері 300 млрд доллардан асты
Үкімет • Бүгін, 11:55
Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді
Табиғат • Бүгін, 11:40
10 млн доллар: «Синалоа» серкелерін ұстауға көмектескен жанға сыйақы беріледі
Әлем • Бүгін, 11:36
Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова Албаниядағы рейтингтік турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 11:26
Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру: Жаңа қызметті қалай рәсімдейміз?
Қоғам • Бүгін, 11:12
Ұлытауда Конституциялық реформаның мәні мен маңызы талқыланды
Ата заң • Бүгін, 11:09
«Қайрат» пен «Тобыл» Астанада кездеседі
Футбол • Бүгін, 11:02
Өнер жұлдыздары жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге шақырды
Референдум • Бүгін, 10:55