10 Желтоқсан, 2016

Тәуелсіздіктің ширек ғасыр тойы шетелдіктермен бірге тойланды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
greate-britain-1 Тәуелсіздіктің ширек ғасыр тойы елден тысқары жерлерде де аталап өтуде. Ұлыбританиядағы Уорик университетінде оқитын қазақ студенттер қоғамдастығының ұйымдастыруымен өткен шарада шетелдіктерге Қазақстан туралы мол мағлұмат беріліп, ұлттық мәдениетіміз бен ас мәзірі таныстырылды. 15355646_947407432069680_6380817588943769551_n Бұл күні кісі қарасы көп жиналатын университеттің Piazza орталық алаңына кішігірім қазақ ауылы көшіп келгендей болды. Дүниенің түкпір-түкпірінен білім қуып келген шетелдіктер қазақтың әуезді әні мен күмбірлеген күйін, әдемі биін тамашалап, құрт, жент, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдардан ауыз тиді. greate-britain Сонымен қатар, Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінен әкелінген арнайы көрнекіліктер көпшілік назарын аударды. Ағылшын тіліне аударылған Елбасының «Көшбасшы жолы» жинағы, ЭКСПО-2017, Қысқы Универсиада қарсаңында дайындалған промо материалдар мен кәдесыйларды қуана қабылдаған шетелдік достарына қазақ жастары еліміз туралы әңгімелеп берді. Олардың Қазақстан туралы, әсіресе, еліміздің ашық виза саясаты, инвестициялық мүмкіндіктер туралы біле түсуіне BBC түсірген қысқа фильм де әсер етті деуге болады. 15356587_946983795445377_75825101332447862_n Уорик Қазақстан студенттері қауымдастығының жетекшісі Нұрхан Тілеумұратовтың айтуынша, шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау концепциясына сай «Нұрлы болашақ» тақырыбына орайластырылып отыр. Өйткені мұндағы студенттердің басым көпшілігі – «Болашақ» шәкіртақысының иегері. Сондай-ақ өз қаражаттарын жұмсап немесе Ұлыбританияның Сhevining шәкіртақысына оқып жатқан студенттер де жеткілікті. Олар келешекте бәсекеге қабілетті маман боп оралып, ел дамуына барынша үлес қосуды мақсат тұтады.