10 Желтоқсан, 2016

ЭКСПО-2017 көрмесіне 100 оқушы жолдама алды

200 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
img_8102 Бүгін еліміздің барлық өңірлеріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл іс-шара «Ұлы дала елі ­– Тәуелсіздіктің 25 негіздері» 25 жұлдызды күндер аясында өтуде. Ашық есік күні жүзеге асқан айтулы шараның бірі еліміздің 16 өңірінің аз қамтылған отбасыларынан 100 оқушыға ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға мүмкіндік беретін сертификаттар және Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектептері жанындағы 5 күндік жазғы лагерге жолдама тапсырылды. Бұл акцияға қажетті қаражатты Зияткерлік мектептерінің оқушылары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылған қайрымдылық жәрмеңкелері мен көрмелерінің негізінде өздері жинаған. img_8134 Бұл күні «egemen.kz» тілшілері Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болып қайтқан едік, онда осындай сертификат пен жолдамаға 5 оқушы ие болды. Мектептің директоры Мейрам Жакеновтің айтуынша, мұндай шаралар жасөспірімдерді елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеумен қатар, адамгершілік, қайырымдылық істерге баулиды. img_8091 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқармасы төрайымының орынбасары Светлана Испусинованың айтуынша бұл мерекенің аясында ғана өткізілетін өткінші науқандық шара емес. Мектеп оқушылары мұндай қайырымдылық жұмыстарға үнемі талпынып, интелектуалды ұлтқа тән өрелі істерге ұмтылыстарын көрсетіп жүреді. «Бұл мектептерде оқып жатқан әрбір оқушының жетістігі, жалпы болмысы, егемендіктің еркін дәнінен өскіндеген өр ұландары - Тәуелсіз еліміздің болашағы. Олар қандай шараға қатысса да елдеріне, Отандарына деген шынайы сүйіспеншікліктерін жеткізуге тырысады. Осындай өрендері бар елдің келешегі кемел боларына сенімдіміз. Бәріміз сол жолда еңбек етудеміз», - дейді Светлана Испусинова. img_7999 Дәл осы күні Назарбаев Зияткерлік мектептеріне кез келген оқушы еркін кіріп, оның ғимаратын аралап көруге мүмкіндік алды. Еліміздегі ерекше мектептерді аралай жүріп, STEM (химия, биология, физика, информатика) бағыттары бойынша зертханалық және зерттеу тәжірибелерін көру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, «ашық есік» күніне келушілер мектептің ғылыми-зерттеу жобаларын ташалады. «Робот техникасы», «Авиациялық модельдеу», «Қыш-құмыра өнері», «Дизайн», «Домбыра», «Хореография», «Шахмат» және т.б. үйірмелерінің жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, мектепішілік «Туған елге тағзым», «Шаңырақ», «Қазақша Wikipedia»,  «TEDx NIS», «100 күйдің тарихы», «100 кітап», «Қазақстың 100 әні» жобалары жөніндегі ақпараттармен қанықты. Зияткерлік мектептерінде білім алу мүмкіндіктері, каникулярлық және виртуалдық мектептеріне тіркелу бойынша оқушыларға және ата-аналарға арналған консультациялық бекеттік жұмысы ұсынылды. Оқушылар үшін тағы бір қызықты жоба - жалпы орта және зияткерлік мектептердің оқушыларының қатысуымен «Алға, Қазақстан!» би флешмобы ұйымдастырылды.  Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан»