12 Желтоқсан, 2016

2016 жылдың үздік архитектуралары анықталды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жыл архитектура тарихында да есте қалатын жағдайларға толы болды. Солардың дәлелі ретінде CNN төмендегі топтаманы халық назарына ұсынды. 111 Биыл қаңтар айында Чили елінің архитекторы Алехандро Аравена қымбат емес әлеуметтік тұрғын үйлердің жобасы үшін Притцкер сыйлығын иеленді. 150107160354-arch-432-real-exlarge-169 Ньюй-Йорктегі 432 Park Avenue 2015 жылдың желтоқсанында салынып біткені белгілі. Ол биыл әлемдегі ең биік тұрғын үй атанды. Оның биіктігі - 425,3 метр. tokio Ақпан айында Kohn Pedersen Fox Associates пен E. Roberson Associates "Токио 2045" даму бағдарламасы аясында салынатын 1600 метр биіктікті қамтитын ғимараттың жобасын таныстырды. 140514132208-canal-boat-london-nice-view-exlarge-169 Лондондағы "жүзетін" үйлер. Мамандардың айтуынша, олардың бағасы 2012 жылдан бастап 57 пайызға өскен. Тұрғын үй қымбат саналатын Лондон тұрғындары үшін қолжетімді болып отыр. indiya Биіктігі 200 метрден асатын Үндістандағы жаңа ғибадатхананың құрылысы 2017 жылдың наурыз айында бітеді деп жоспарланып отыр. Ол орманмен қоршалған мәдени орталық пен тақырыптық паркті де қамтыған. dom Дубайдағы "Еуропа жүрегі" аралында су үстіне салынған үйлер де биылғы жылдың басты архитектуралық жаңалығы болды. arkh Снехет фирмасы ғимаратының жаңа архитектурасы қайталанбас үлгі ретінде танылды. arkhitekТамыз айында пайдалануға берілген Бангкоктің The MahaNakhon Тайландтағы ең биік ғимарат атанды. Оның биіктігі - 314 метр. 161011101625-house-for-trees-vo-trong-nghia-architects-2-exlarge-169 Во-Чонг Нгиа атты архитектор өз жобаларының шатырында міндетті түрде фермалар ұйымдастырып, ағаш отырғызады. Бұл да биылғы жылдың архитектурасына ерекше леп берді.