12 Желтоқсан, 2016

Трамп 3 қоңыраумен қандай мәселелер шешті?

293 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Президенттік сайлауды ұтқаннан кейін Дональд Трамп бірнеше елдің басшыларымен сөйлесіп үлгерді, деп хабарлайды businessinsider басылымы. Өткен апта Трамп Тайваньның президенті Цай Инг Уенмен сөйлесті. Бұл АҚШ президентінің 30 жыл ішінде алғаш рет Тайвань президентімен тікелей сөйлесуі. Бірқатар сарапшылар бұл әңгіменің АҚШ-Қытай қатынасына кері әсерін тигізеді деп қауіптенген. Сонымен қатар Трамп Қазақстан, Ресей және Филиппиннің мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Осы телефон қоңыраулары арқылы Дональд Трамптың АҚШ-тың ондаған жылдар бойы шеше алмай келе жатқан дипломатиялық мәселелерін шешіп тастаған. 1. Тайвань. Президенттік сайлау қорытындысы шыққаннан кейін Трампқа жер-жерден құттықтау қоңыраулары келіп жатты. Солардың бірі ретінде Тайвань мемлекеті Трамппен әріптестік құруға ынталы болды деп баға береді саясаттанушылар. Осы орайда Қытайдың Тайваньды өзіне тәуелді провинциялардың бірі ретінде танитынын, ал Тайвань өзін тәуелсіз ел ретінде білетінін ескерсек, Трамптың Тайвань билігімен тікелей сөйлесуі белгілі бір деңгейде оларды Қытайдан тәуелсіз ретінде танып, Бейжіңмен арадағы ынтымақтастыққа сызат түсіруі мүмкін дегендер болды. Алайда, Ақ үйдің жаңа басшысы бұл тұрғыда батыл қадам жасап, тәуекелге бара білді. 2. Филиппиннің президенті Родриге Дутерте бір кездері Обаманың атына "бейәдет" сөз айтып, АҚШ-пен арадағы байланысты бұзған еді. Ал Трамп онымен жеті минуттық әңгімесі барысында екі елдің достық байланысын қалыптастыру керектігін айтып, осы бағытта бірінші болып қадам жасауға дайын екенін айтты. Сөз соңында Трамп тіпті оны Вашингтонға шақырған. 3. Пәкістан. Телефон арқылы алғаш болып сөйлескен елдердің қатарында Пәкістан премьер-министрі Науаз Шәріп те бар.  Өз сөзінде Трамп Пәкістан халқын әлемдегі ең ақылды ұлттың бірі ретінде мойындайтынын мәлімдеп, өз кезегінде Науаз Шәріп Трамптың жеңісін үлкен ерлік ретінде бағалады. Жыл басында әлем бойынша үлкен дауға айналған "Панама ісінде" Науаз Шәріптің де аты аталып, оның туыстары Панамада оффшор ұстайтыны белгілі болған еді. Трамп осы орайда екі елдің байланысында бұл даудың кері әсер етпейтінін айтып, алдағы уақытта Үндістан мен Пәкістанның қатынастары қалыпқа келетініне үмітті екенін айтты. Сөз соңында екі ел басшысы алдағы уақытта кездесетін болып келісті.