12 Желтоқсан, 2016

Кентауда кен байыту зауыты салынады

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қытай инвесторы Кентау қаласында кен байыту зауытын салады. Зауыт құрылысына 2 млн доллар бағыттау жоспарланған, деп хабарлады ОҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі. Үшжақты келісімге инвестор, Кентау әкімдігі мен өңірдің Кәсіпкерлер палатасы қол қойды. Зауытта «Қазақмыс» және «Қазмырыш» сынды өнеркәсіптік алпауыттар үшін соңғы өнім - металлургиялық салаға қажетті мыс-алтын концентратын шығара отырып, кен байытуды жолға қою жоспарлануда. «ОҚО Кәсіпкелер палатасына инвесторларды тарту үшін жәрдем бергеніне алғыс айтамыз. Біздің тарапымыздан инвестициялық жобаны іске асыру үшін барлық жағдайлар жасалады», - деді Кентау әкімінің орынбасары Нұржан Тәшімов. Кәсіпорында жылына 65 мың тонна, тәулігіне дайын өнім - мыс-алтын концентратын 200 тоннаға дейін шығару жоспарлануда. Кәсіпорын іске қосылғанда 100 адам жұмысқа алынады. Меморандумда еңбекке негізінен жергілікті тұрғындар тартылатыны көрсетілген.