12 Желтоқсан, 2016

«Әбіш әлемі» атты театр фестивалі өтті

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтауда «Әбіш әлемі» атты бірінші республикалық театр фестивалі өтті. Төрт күнге созылған театр фестиваліне Қазақстанның әр өңірінен 7 театр ұжымы қатысты. Фестивалдің басты мақсаты – арамыздан кеткеніне бір жыл болған қарымды қаламгерді еске алу және оның шығармаларын насихаттау болса, байқауға қатысушы өнер ұжымдарына қойылған талап – Әбіш Кекілбайұлының шығармаларын сахналау. Сахна шеберлері Әбіш шығармаларындағы тарихи тұлғалардың психолигиялық ерекшеліктері мен қайраткерлік қырларын, тарихи болмысын барынша ашып көрсетуге тырысты. Қазылар құрамы, нәтижені жоғары бағалап, екі жылда бір рет өтетін аталмыш фестивалді әбіштануға, Әбіш шығармаларын игеруге жасалған игі қадам деп бағалады. «Абылай хан», «Лир патша», «Ханша-дария хикаясы», «Адам болып өтейін» - барлығы жеті  шығарма сахналанған төрт күндік өнер додасына 120-ға жуық әртістер қатысты. Фестивалдің бас жүлдесі мен Әбіш Кекілбаев атындағы марапатты «Шыңырау» драмасымен Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театры ұжымы иеленді. Петропавлдан келген Сәбит Мұқанов атындағы қазақ драма театрының ұжымы "Актерлық ізденістер" номинациясын жеңіп алса, "Тарихты сахналағаны үшін" аталымын Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры иеленді. Аймақ басшылығы тағайындаған "Заманына үндес спектакль" және  "Үздік Әбіш Кекілбаев аудармасы" сыйақысын Қызылорда және Алматы облысынан келген өнер ұжымдары иемденді. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, "Егемен Қазақстан". Маңғыстау облысы    
Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Келелі кеңес келешегі

Пікір • Бүгін, 08:58

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Астықтан – азыққа дейін...

Өндіріс • Бүгін, 08:40

Алғыс арқалаған әкім

Қоғам • Бүгін, 08:38

Интернатта оқып жүр...

Білім • Бүгін, 08:28

Жамбыл бабадан бата алған

Зерде • Бүгін, 08:25