12 Желтоқсан, 2016

Шардара ауданына жаңа әкім тағайындалды

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161212160639 Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Шардара аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Шардара ауданының әкімі лауазымына Болатбек Дүйсенбекұлы Қыстауов тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі Ж.Түймебаев таныстырып, лауазым иесінің жұмысына табыс тіледі. Мемлекеттік қызметте, партия жұмысында мол тәжірибесі бар білікті басшы ретінде жаңадан тағайындалған аудан әкіміне өңір басшысы бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Айта кетейік, Б.Д.Қыстауов 1973 жылы 15 тамызда туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1990 жылы Ленин ауданы «Күйік» асыл тұқымды зауытының асыл тұқым бөлімінің есепшісі болып бастаған. 1995-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі экономика басқармасының жетекші маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі қаржы басқармасының бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, Төлеби, Қазығұрт аудандық қаржы бөлімдерінің меңгерушісі, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары, Қазығұрт ауданының әкімі ретінде еңбек еткен. 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарып келді.