Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екі елдің парламентаралық ынтымақтастығын дамытудың негізгі жолдары, атап айтқанда, мемлекеттер басшылары деңгейінде қабылданған құқықтық шешімдерді қамтамасыз ету жоспарлары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев В.Володинді Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтады.
Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестігіне негізделген интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Соңында В.Володин Мемлекет басшысын және республика халқын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.
– Қазақстанның қалай дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Елдеріңіз тәуелсіздік алғаннан бері зор табыстарға жетті. Атап айтқанда, халықтың әл-ауқаты жақсарып, экономиканың түрлі саласында жетістіктерге қол жеткізілді, Астананың даму қарқыны артты, – деді Мемлекеттік Думаның төрағасы.
В.Володиннің Қазақстанға келуі оның Мемлекеттік Дума төрағасы ретіндегі шетелге алғашқы сапары болып табылады.

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Кеше
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше