13 Желтоқсан, 2016

13 желтоқсанға арналған ауа райы

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Қазақстанның бүкіл территориясында атмосфералық фронттың өтуіне байланысты қар, жауын-шашын сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, екпіні 23-28 м/с. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-23 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, күндіз екпіні 25 м/с дейін күшейеді.