Павлодар облысы Май ауданында омыртқа ауруларын емдейтін еліміздегі алғашқы мемлекеттік орталық ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Орталықта бір мезетте 30 адам емделе алады. Орталық омыртқа ауруларына шалдыққан және түрлі жарақаттан кейін тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды оңалтуға бағытталған. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 50 миллион теңге бөлінген. Май ауданында жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Болат Бақауов орталықтың ашылуының арқасында 40 адам жұмыспен қамтылғанын тілге тиек етті.
«Орталыққа келген науқастар осында тәжірибесімен бөлісіп, бір-біріне кеңес бере алады. Облыс тұрғындарының 3 пайызы – мүмкіндігі шектеулі жандар. Орталықтың ашылуы және мамандардың көмегімен оңалту жұмыстары оң нәтиже береді деген ойдамын», – деді облыс әкімі Болат Бақауов
Павлодар облысы мүгедектер қоғамының төрағасы Георгий Четвериковтің айтуынша, бұрын науқастар тек қана 10 күндік оңалтудан тегін өтсе, орталықтың пайда болуымен бұл мерзім 45 күнге дейін созылады.
Айта кетерлігі, мұнда арнайы реабилитолог маман науқастарға бірінші кезекте өзіне-өзі көмек көрсетуді, екіншіден, өзіне және айналасындағыларға пайдасын тигізуді және қоғамға бейімделуді үйретеді. Сондай-ақ, су асты массаж, тренежер залы және емдік дене тәрбиесі қарастырылған.
• 13 Желтоқсан, 2016
Павлодарда омыртқа ауруларын емдейтін мекеме ашылды

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Кеше
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше