Жаңа ережелер мынадай болмақ:
– Ерлер мен әйелдер бәсекесіндегі белдесу уақыты – төрт минут; – Енді дзюдода тек вадзари және иппон болады. Бұрынғыдай юко деген ұпай болмайды. Юко әдісі вадзаримен теңестірілді. Екі вадзари бұрын иппон болатын, енді екі вадзари иппонға теңестірілмейді. Бұрын төрт шидо (ескерту) алған балуанға жеңіліс жазылатын. Енді жаңа ереже бойынша үш шидо алған балуан жеңілген болып есептеледі. Екі рет аяқтан ұстаса Hansoku Make, яғни бірден жеңіліс. Балуан 45 секунд ішінде шабуыл жасамаса шидо. Күрес уақыты — 4 минут; – «Алтын ұпай». Егер ұпай жоқ болса немесе тең болған жағдайда, белдесу «Алтын ұпайға» (Golden Score) жалғасады. Негізгі уақытта иеленген әрбір ұпай мен айыптар таблода қалмақ. «Алтын ұпай» шешімі жиналған ұпай мен шидо көрсеткіштері арқылы анықталатын болады; Қазіргі уақытта «Шидо» саны үшеу. Сондықтан, үшіншісі «Хансоку» жасауға мүмкіндік береді; – «Кумиката» айыпты талап етпейді; – Толықтай қорғанысқа көшкен жағдайда «шидо» көрсетілмек; Аяқтан немесе шалбардан ұстаған дзюдошы, алдымен «шидомен» жазаланса», артынша «Хансоку» жасауға мүмкіндік алмақ; Сондай-ақ, комитет қауіпсіздік жағын қатаң түрде қолға алғандай. Яғни, жарақаттың неғұрлым азайғанын басты мақсат тұтуда. Сол себепті дзюдошы күрес барысында бас, мойын және желкеге қауіп тудырған жағдайда жазаға тартылатын болады. – Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері ересектер рейтингінде ұпай жинайтын болады; Бұл өзгерістердің нақты құжаттары осы жылдың соңына дейін жасалып бітпек. Одан бөлек, бұл шешімдер Халықаралық Олимпиада комитетінің қарауынан өтеді.Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Кеше
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше