Еліміздегі қоғамдық – саяси тұрақтылықты, тыныштық пен бірлікті қамтамасыз етуде «Нұр Отан» партиясының үлесі зор. Сондықтан да халық бұл партияға сенеді, оның бағдарламалық бағыттарын қолдайды. Соның бір көрінісі партия мүшелерінің қатары жыл сайын көбейе түсуде. Жақында «ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы ТЖД жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің 25 құтқарушысы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Нұр Отан» партиясына өтіп, мүшелік билеттерін салтанатты жағдайда алды.
Партия билеттерін тапсыруға байланысты салтанатты жиынды қысқаша сөз сөйлеп ашқан «Жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасымжан Байсадақов биылғы жылдың айтулы тарихи оқиғасы - Тәуелсіздіктің 25 жылдығының еліміз аумағында кең көлемде мерекеленуі екенін атап өтті. Ол ширек ғасыр ішінде Қазақстанды әлем танығанын тілге тиек ете келіп, қол жеткен жетістіктеріміздің ғасырда жүзеге асырылатын жұмыстарға тең екенін жеткізді. Осы жылдарда құтқару қызметінде де ілгерілеушілік болғанына нақты деректер келтірді.
Салтанатты рәсімде сөз алған Ақтөбе облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Сыздықов «Нұротандықтар» қатарына қосылып жатқан құтқарушыларға партия билеттерін тапсырып, адам өмірімен тығыз байланысты жұмыстарында табыстар тіледі. Партия билетін алушылар атынан құтқарушы Ерлан Оразғалиев сөз алып, өзінің Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында еліміздің жетекші саяси ұйымы «Нұр Отан» партиясына өтіп жатқанына қуанышты екенін жеткізді. Қазір осы 71 адам еңбек ететін ұжымдағы бастауыш партия ұйымында 41 мүше бар.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Ақтөбе.
• 13 Желтоқсан, 2016
25 құтқарушы «нұротандықтар» қатарын толықтырды

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Кеше
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше