13 Желтоқсан, 2016

Елімізде 10 трансплантация орталығы бар

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-17 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен “University Medical Center” корпоративті қорының ұйымдастыруымен Қазақстан гепатологтарының ІІІ халықаралық конгресі өтеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында конгресте қозғалатын өзекті тақырыптар мен Қазақстандағы гепатология саласындағы мәселелер сөз болды. Хирургия департаментінің жетекшісі Әділбек Мұқажанов бүгінгі таңда қоғам арасында трансплантацияға деген көзқарас жақсарып келе жатқанын атап өтті. «Алғашында қоғам арасында трансплантация жөнінде кері көзқарас қалыптасқан болатын. Мәселен, 5 жыл бұрын елімізде бірде бір бауыр трансплантациясы жасалмаса, қазіргі уақытта жыл сайын мұндай 50-60 операция жүзеге асырылады. Сондай-ақ бұрын отандастарымыз мұндай операцияларды шетелге барып жасауға мәжбүр болса, қазіргі уақытта Қазақстанда 10 трансплантация орталығы жұмыс істейді, оның 7-і бауыр трансплантациясын жүзеге асырады», – деді Ә. Мұқажанов. Айдар ӨРІСБАЕВ, "Егемен Қазақстан".
Соңғы жаңалықтар