13 Желтоқсан, 2016

«Бизнес бастау» жобасы кәсіпкерлік негіздерін оқытады

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оқыту еңбек нарығына шыға отырып, жұмысшы біліктіліктен орта буын маманы деңгейіне дейін екі деңгейлі оқу моделі бойынша модульдік бағдарламалары арқылы көзделген. Соның бірі -  дуальді негізде 1-ден 6 айға дейін қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға арналады. Осы жоба бойынша жұмыспен қамту орталықтары тікелей әлеуетті қатысушылардың құрамын қалыптастырады және тізімдерді аудандық (қалалық) комиссияларға жібереді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды. Оқыту колледждерде, оқу орталықтарында, әскери-техникалық мектептерде өтеді. Азаматтар мемлекеттік қолдаумен шәкіртақы төлеумен қамтамасыз етілетін болады және сырттан келген тұлғаларға жол жүруге және тұруға қосымша төлем қарастырылған. Шалғай елді мекендерде тұратын азаматтар да мобильді оқыту орталықтарында білім алу арқылы тегін мамандықты меңгере алады. Іске асыру серпінді режімде Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жүргізілетін болады. Брифингте «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-коммуникацияларды мемлекеттік тілде дамыту департаментінің директоры Бауржан Оразғалиев жаппай кәсіпкерлік бағдарламаның екінші бағыты аясында «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздері оқытылатынын айтты. Кәсіпкерлікке оқытылған азаматтардың өз жұмысын ашуға мүмкіндігі болады. Олар өз ісін бастау үшін микронесие де ала алады. Бағдарламаны іске асырған жағдайда жұмыссыздықтың деңгейі 4,8 пайызға және біліктіліксіз жұмыс күшінің үлесі 20 пайызға төмендейді. Сонымен қатар, компьютерлік сауаттылық деңгейі және ағылшын тілі, кәсіпкерлік негіздері дағдылары бойынша жоғарылайды. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».