13 Желтоқсан, 2016

Түркмендер Ирак премьерін сотқа берді

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21 қазан күні Ирактың Киркук аймағының Дакук ауданында жасалған әуе соққысы нәтижесінде қайтыс болған түркмендердің туыстары Ирактың премьер-министрі Хайдар әл-Абадиді жұмысына селқос қарады деп айыптап, сотқа беруде, деп хабарлайды Haberler басылымы. "Оқиғаның болғанына бір жарым ай өтіп кеткеніне қарамастан, үкімет мәселеге қатысты әлі де көңілге қонымды мәлімдеме жасамай отыр", - дейді аталған оқиға кесірінен әпкесі мен екі жиенінен айырылған Хайдар Ахмет. Оның айтуынша, түркмендер Ирак конституциясына сай, үкімет басшысын немқұрайлы жұмысы үшін айыптап, сотқа беруде. "Керек болса біз халықаралық сотқа шағым түсіреміз", - дейді Хайдар Ахмет. Естеріңізге сала кетейік, 21 қазан күні мемлекеттік меншікте жоқ ұшақ Ирактың Дакук қаласында әуе соққысын жасап, 11 әйелдің көз жұмып, 45 адамның жаралануына сеп болған еді.