Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» іс-шарасы аясында «Бар мейіріміміз – балаларға!» атты қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жиынға қатысқан облыс әкімі үздік оқу озаты болған 10 дарынды оқушы мен ерекше білім беруді қажет ететін, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыдан шыққан 240 балаға Мемлекет басшысының атынан сый-сияпат тарту етті. Бүгінгі бала – елдің ертеңгі болашағы деген аймақ басшысы барша жас өрендерді мерейлі мерекемен құттықтап, еліміздің нағыз патриоты болуға шақырды. «Келешегін ойлаған ел ұрпағының тәрбиесіне айрықша қарауы тиіс. Елбасымыз әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететіндігін және мемлекет оны қамқорлығына алуы тиістігін атап айтқан болатын. Яғни, біз балалардың құқықтары сенімді қорғалуы үшін қажетті жағдайдың барлығын жасауға міндеттіміз. Сондай-ақ, елімізде балалар сапалы білім мен тәрбие алу үшін қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған жаңа мектептер салынуда. Бұл Мемлекет басшысының келешек ұрпаққа жасаған қамқорлығы деп білемін», – деді облыс әкімі. Шарада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған тақырыптық тақпақтар мен «Жаса Қазақстан» әніне флэшмоб ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық жолында еліміздің жеткен жетістіктерін баяндап, балаларды елжандылыққа баулу, қазақтың рухани ұлттық құндылықтарын, тарихын, мәдениетін жас ұрпақ арасында насихаттау болып табылады. Қайырымдылық іс-шарасы облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында өткізіліп, онда 6 мың бала киім-кешекпен қамтылды.Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Кеше
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше