13 Желтоқсан, 2016

Трамптың кесірінен 2017 жылы қаржы дағдарысы болуы мүмкін

171 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Ақ үйдің жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың Тайвань басшысымен телефон арқылы сөйлесуі көптеген жылдар бойы сақталып келген "біріңғай Қытай" саясатына нұқсан келтіріп, АҚШ-тың Қытаймен арадағы байланысына сызат түсіруі мүмкін. Бұл өз кезегінде 2017 жылғы әлемдік нарыққа төнген ең үлкен қатер болмақ, деп жазады investing басылымы. Президенттік таққа отырмай жатыр Дональд Трамп АҚШ-Қытай қатынасын ушықтырып алды. 3 желтоқсан күні Тайвань әкішілігінің басшысы Цаф Инвеймен 10 минут телефон арқылы сөйлескен. Оған жауап ретінде Қытай Трамптан өздерінің "бірыңғай Қытай" саясатына құрметпен қарауды талап етті. Өйткені, Қытай Тайваньды өздеріне тәуелді аймақ ретінде таниды. Ал Тайвань болса, өздерін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған болатын. Осы орайда, Трамп FOX телеарнасына берген сұхбатында АҚШ Қытайдың бұл саясатын ұстануға міндетті емес екенін айтқан. Нәтижесінде Қытай егер Трамп осы бетінен қайтпайтын болса, екі ел арасындағы барлық байланысты үзетінін мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, 37 жыл бұрын АҚШ Қытайдың "бірыңғай Қытай" саясатын қолдау мақсатында Тайваньмен байланысты үзген еді. Егер Трамп Тайваньды өз алдына тәуелсіз ел ретінде танып, онымен тікелей әріптестік құратын болса, 1972 жылдан бері қалыптасқан АҚШ-Қытай әріптестігіне сызат түспек. «Трамп әлгі қадамы арқылы отпен ойнап жатыр. Қытай ешқашан да мұндайға төзе алмайды», - дейді Danske Bank сарапшылары. Қытайдың Тайваньды уысынан шығарып алған 1985 жыл тарихта Қытай мемлекеті үшін "ең қатты қорланған жыл" ретінде есте қалған. Трамптың осы әрекетінен кейін батыс басылымдары Қытайдың да қарап қалмайтынын болжап, "Егер Қытай Тармпты өзінің айтқанына көнеді деп ойласа, қатты қателеседі" деген мазмұндағы мәлімдемелер жасай бастады.

Қытай енді не істеуі мүмкін?

АҚШ-Қытай қатынасын экономистер мен сарапшылар өзара тәуелді әріптестік ретінде бағалайды. Екі елдің экономикасы да бір-бірінсіз өмір сүре алмайтыны белгілі. Danske bank сарапшыларының мәліметінше, ендігі кезекте Қытай АҚШ-қа жауап ретінде Тайваньдағы ықпалын күшейте түсуі ықтимал. Атап айтар болсақ, Қытайдағы Тайвань компанияларына қысымды көбейтіп, Тайвань жағалауында зымыран сынақтарын ұйымдастыруға да баруы ықтимал. Мұндай жағдай 1995 жылы болған еді. Ол кезде Қытай Солтүстік Кореямен ынтымақтаса бастаған. Ал Global Times басылымы Қытай АҚШ-тың жауларына қолдау көрсетуі мүмкін екенін алға тартады. Сонымен қатар ҚХР америкалық компаниялардың Қытайда бизнес жасауына тосқауыл болу үшін бейресми сауда кедергілерін жасауы ықтимал. Тіпті, ерегіс арыға кететін болса, Қытай АҚШ-тың экономикасын әлсірету үшін АҚШ мемлекетіне тиесілі құнды қағаздарды жаппай сатуы да мүмкін және АҚШ-тың Қытайда жасалатын өндірісіне шектеу жасамайтынына да ешкім кепілдік бере алмайды. Мұның бәрі АҚШ тарапынан Қытай тауарларына тыйым салуына алғышарт болмақ. Қазіргі таңда АҚШ Қытай экспортының 20 пайызын сатып алатынын ескерсек, бұл саяси ойынның нәтижесінде Қытай өнеркәсібі зардап шегуі ықтимал. Ақырында мұның бәрі АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысына алып келмек. «Бұл тұрғыда ең үлкен зардап шегуші тарап АҚШ болады. Өйткені АҚШ өзінің ірі сауда сұранысын қанағаттандыру үшін Қытайдың қаржыландыруына тәуелді», – дейді Danske сарапшылары.

Әлем нарығына қалай әсер етеді?

АҚШ-Қытай дағдарысы халықаралық инвесторлар үшін де жағымды жаңалық болмауы тиіс. Нәтижесінде қос алыптың текетіресі 2017 жылы қаржылық дағдарысқа жол ашуы ықтимал.