13 Желтоқсан, 2016

Астанада 16-желтоқсанға қандай шаралар жоспарланған?

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіздік күніне Астанада мерекелік отшашу болады, - деп хабарлайды Елорданың мәдениет басқармасы. Ведомствоның мәліметінше, 16 желтоқсанда сағат 22.00-де "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығы маңында, Есіл өзені жағалауы мен Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында отшашу болады. Сонымен қатар, 16 желтоқсанда сағат 16:00-де "Байтерек" монументінің жанында мерекелік концерт басталады.  16 желтоқсанда "Астана" концерт залында (бұрынғы "Конгресс-холл") Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. 16:00-де Астана циркінде тақырыптық эстрадалық-цирктік "Мәңгілік ел" бағдарламасы жоспарланған (билетпен кіруге болады). Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау шаралары аясында елімізде жалпы алғанда сегіз мыңнан аса іс-шара өткізу жоспарланған. "Барлық іс-шараларға республикалық бюджеттен 407 миллион теңге бөлінді", - деп мәлімдеді Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова. 16 желтоқсанда 16:00-де "Қазақстан" орталық концерт залында "Қазақ Елі" киноэпопея циклынан "Қазақ хандығы" фильмінің тұсаукесері болады.