13 Желтоқсан, 2016

Елбасы: Мемлекеттік сыйлық жаңа белестерге рухтандырады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Ақордада Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында мемлекеттік сыйлықтарды табыс ету шарасы болып өтті. Қазақстан Президенті әрбір марапаттың адамды жаңа істерге шабыттандыратынын айтты. "Барлығыңызды наградаларыңызбен құттықтаймын, шын жүректен құттықтаймын және сәттілік тілеймін. Ел үлесіңді, дарыныңды атап өтіп жатса, меніңше, бұл әр адамға қуаныш сыйлайды, біз адамбыз, бізге мұндай керек. Бұл бізді жаңа белестерге рухтандырады, жаңа істерге, жаңа шығармашылық шешімдерде шабыт ашады, еңбекте де. Бүгін мен жұмысшыларды марапаттадым, бұл дегеніңіз еліміздің барлық азаматы бүгін-ертең ордендер мен медальдармен марапатталды деген сөз. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы арнайы медалімен марапатталған барлық қазақстандықты құттықтаймын және келе жатқан жарқын мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын", - деді Назарбаев. Ақордада Мемлекет басшысы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеноваға, Астана әкімі Әсет Исекешевке мемлекеттік сыйлық табыстады. Марапатталғандардың ішінде Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековті, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты, балет әртісі Алтынай Асылмұратованы, скрипкашы Гауһар Мырзабекованы атап өтті.