13 Желтоқсан, 2016

2017 жылы Өзбекстан ЖІӨ 7,8% өседі

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өзбекстан үкіметі 2017 жылы елдің жалпы ішкі өнімі 7,8 пайыз өсетінін болжайды. Бұл туралы Өзбекстан парламентінің жоғарғы палатасының отырысында вице-премьер және қаржы министрі Рустам Азимов мәлімдеді, деп хабарлайды Haberler басылымы. Соның ішінде өнеркәсіптік өндіріс өсімі 6,9 пайыз, ауыл шаруашылығы 6,2 пайыз, ал тартылатын капитал көлемі 9,6 пайыз ұлғаймақ. Ал инфляция 5,7-6,7 пайыз аралығында сақталуы болжанады. Мемлекеттік бюджеттің табыстық бөлігіндегі негізгі үлес, яғни 68,2 пайыз түрлі алымдар мен салықтардан құралмақ. 2017 жылы Өзбекстан әлеуметтік салаларға бөлінетін қаражатты мемлекеттік бюджеттің 59,6 пайызына жеткізбек.