13 Желтоқсан, 2016

Қызылордада облыстық телекөпір өтті

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kizilorda Бүгін Қызылордадағы облыстық мекемелер үйінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Ұлттық экономика вице-министрі Айдар Әріпхановтың қатысуымен «Тәуелсіздік тартуы» телекөпірі өтті. Телекөпірдің басты мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы облыстың даму деңгейін түйіндеп, жетістіктерін саралап, өңірде жүзеге асырылған бірегей индустриалды-инновациялық жобаларды халыққа таныстыру. kizilorda-1 Қызылорда облысының дамуына серпін берген индустриалды-инновациялық жобалардың қатарында Арал ауданындағы «Аралтұз» зауыты (жобаны «Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров ұсынды), Ресей Федерациясының Ульянов облысы Димитровград қаласындағы «Рыбный край Димитровград» балық өңдеу зауыты (зауыттың негізін қалаушы – облыстық мәслихат депутаты Аманбай Ерхатов), Қазалы ауданындағы «РЗА» АҚ (кәсіпорын вице-президенті Нұрлан Имандосов, Қазалы аудандық мәслихат депутаты), Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» кен орны («Шалқия Цинк ЛТД»  АҚ басқарма төрағасы Болат Рамазанов), Шиелі ауданындағы «Бала Сауысқандық» кен орны («Балауса» фирмасы» ЖШС директоры Андрей Кузнецов) және Қызылорда қаласындағы Шыны зауыты («Orda glass» ЖШС Басқарма Төрағасы Дәурен Ибрашев) бар. Спикерлер өз кәсіпорындарының басты ерекшеліктерін айта келе телекөпірге қатысушыларды және барлық қазақстандықтарды мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, телекөпір аясында профессор Б.Кәрібаевтың облыс әкімдігінің қолдауымен шығарылған «Тәуелсіздіктің 25 маңызды оқиғасы» атты кітабының тұсаукесері өтті.