13 Желтоқсан, 2016

Еуропалық Одақ пен Куба тарихи келісімге қол қойды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуропалық Одақ пен Куба қарым-қатынасын жақсарту жөніндегі тарихи келісімге қол қойды, деп хабарлайды Хабар24. Салтанатты рәсімге одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі мен Бостандық аралының Сыртқы істер министрі қатысы. Маңызы зор құжат адам құқықтары, көші-қон және сауда-саттық мәселесі бойынша ынтымақтастық орнатуға бағытталған. Енді оны Еуропалық парламент мақұлдауы тиіс. Тек осыдан кейін ғана келісім заңды күшіне енеді. Негізі тараптар қарым-қатынасты жақсарту туралы келіссөзді 2 жылдан бері жүргізіп келген еді.